• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:54:32
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

13 Мамыр, 2019 Саясат

Сайлау кезінде болған қызықты фактілер: Тарихтағы ең жалған сайлау

Кейбірі сайлау алдында берген уәделерін орындамайтынын жазған, бірі Федералды конгрессмен не істеу керегін білмеген. Сонда да жеңіске жеткен.

Сайлау кезінде кейде күтпеген жағдайлар болып жатады. Оның біріне мән беріп, біріне назар салмауымыз мүмкін. Тіпті сынға алатын сәттеріміз де жоқ емес. Сайлау кезінде әрбір үміткердің іс-әрекеті сайлаушылардың назарында. Естімеген елде көп болса да Qamshy.kz ақпарат агенттігі interesno.org.ua сайтына сілтеме жасай отырып, назарларыңызға сайлауда болған ең қызықты жағдайларды ұсынады.

  1. 1984 жылы Америкада президент сайлауы кезінде Рональд Рейган АҚШ-тың 50 штаты бойынша 49 штаттан дауыс жинап, жеңіске жеткен. Ол тек бір штаттың 4 000 дауысын жинай алмады.
  2. Бутанның соңғы королі өз халқының арасында беделге ие болғаны соншалық, 2011 жылы елде жаңа демократиялық құрылым жасауды ұсынған кезде, мемлекет тұрғындары ұсынысқа қарсы жаппай наразылыққа шыққан.
  3. Солтүстік Кореяда президент сайлауы әрбір 5 жыл сайын өткізіледі, бірақ бюллетенде бір ғана үміткер бар.
  4. 1996 жылы «Нью-Йорк Таймс» газетінде елде болып жатқан президент сайлауында кім жеңіске жететіні жасырылған кроссворд жарияланады. Сонымен қатар, әріп саны мен бас әріп әрбір екі негізгі үміткердің аттарына сәйкес келген.
  5. Бразилиялық комик Тиририка сайлау алды жарыста: «Федералды конгрессмен не істеу керек? Оның жауабын мен білмеймін. Бірақ осы сайлауда маған дауыс беретін болсаңыздар, жауабын айтуым «мүмкін». Одан ешкімге зиян келмейді», - деген екен. Ол сайлау қорытындысы бойынша Бразилия тарихындағы екінші конгрессмен болған. Оған 2010 жылы 1 348 295 адам дауыс берді.
  6. АҚШ-тың 6-шы президенті Джон Куинси Адамс, сайлаушылардың жеткілікті дауысын жинай алмаса да жеңіске жеткен. Өйткені АҚШ-тың заңы бойынша президентті қарапайым сайлаушылар емес, Арнайы өкілдер палатасы таңдайды. Ал Адамстың ол жерде достары көп болған.
  7. Саддам Хусейн 2002 жылы өзінің президенттік кампаниясына Уитни Хьюстонның «I Will Always Love You» әнін қолданған.
  8. Австралияда сайлауға қатысу міндетті. Егер белгілі бір себебі болмаса, 18 жастан асқан азаматтар сайлауға қатыспаса айыппұл салынады.
  9. Либерия президенті Чарльз Кинг 1927 жылы 234 000 дауыс жинап жеңіске жетеді. Бұл жерде бір шикілік бар еді. Өйткені сол сәтте тіркелген сайлаушылардың саны 15 000 болатын. Сол себепті ол Гиннестер рекорды кітабына тарихтағы ең жалған сайлау болып енді.
  10. 2010 жылы Исландиядағы саяси-сатиралық партия Рейкьявике, сайлау алдындағы берген уәделерінің ешбірін де орындамайтынын ашық жариялаған. Бірақ сайлаушылардың 34,7%-ы дәл осы партияны таңдаған.
  11. Жаңа Зеландияның әйелдері 1893 жылы сайлау құқығына ие болған. Сонымен қатар, Жаңа Зеландия әйелдерге сайлау теңдігін берген алғашқы мемлекет.
  12. Иегова куәгерлері ешбір сайлауға қатыспайды.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір