• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 19:40:22
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 Саясат

Қосанов үгіт-насихат жұмысын не себепті Булаев қаласынан бастады?

Әлеуметтік желіде Әміржан Қосанов "үгіт-насихат жұмыстарын не себепті шалғай әрі орыс тілді ауданнан бастады?" деген сұрақ туындап, қызу талқылануда.

Әміржан Қосанов өзінің алғашқы үгіт-насихат жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласынан бастады. Президенттікке кандидаттың алғашқы кездесуінің видеосын Youtube желісіне жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде "Әміржан Қосанов үгіт-насихат жұмыстарын не себепті шалғай әрі орыс тілді ауданнан бастады?" деген сұрақ туындап, қызу талқылануда. Қосанов өзінің фейсбук парақшасы арқылы бұл сұраққа жауап берді.

"Сайлау науқаны алғашқы күнінің алғашқы кездесуін ұлы ақын Мағжан Жұмабавтың туған жерінде өткіздім. Менің бағдарламамда Алаш Орда идеясын мемлекеттік идеяның ұстыны ету туралы бап бар.

Мағжан ақын Алаш Орда үкіметінің көсемдерінің бірі болған. Басты символизм сонда!

Оның үстіне саясаткерлер көбінесе орталықтағы қалалармен шектеліп жатады. Ауылға да барып тұру керек!

Әр кездесудің өз орны бар. Мына кездесу Ресеймен жақын орналасқан, басқа ұлт өкілдері баршылық қалада өтті. Сондықтан орыс тіліне де жүгініп отыруға тура келді.

Әр кездесуден видео жіберіп отыру парыз емес шығар. Өйткені бағдарлама туралы әңгіме қайталанып отыруы мүмкін. Сондықтан осы месседжімді барша Қазақстанға, оның үлкенді-кішілі қалалары мен шалғайдағы ауылына арналған хабар деп білерсіздер", - деп жазды Әміржан Қосанов.

Дайындаған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір