• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 17:05:07
Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа жол ашылды

13 Мамыр, 2019 NEWS

Тоқаевтың досы төбелескен уақыттарын еске алды

Қарсы тараптың бір жігіті күтпеген жерден соққы жасап қалды...

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Қасым-Жомарт Тоқаевтың досы Андрей Антоненко балалық шақтарын еске алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Комсомольская правда Казахстан" газеті президенттікке үміткердің досынан сұхбат алып, бірқатар естеліктерді еске түсірді.

Тоқаев

Ол өзін сыныптан тыс жерде де өте мәдениетті әрі еркін ұстайтын. Сонымен қатар, ер балалардың баршасының басынан өтетін жұдырықтасулардан да қашпайтын. Жомарт барлық мәселені бейбіт жолмен, сөйлесу арқылы шешуге тырысатын. Оның дипломатиялық шеберлігі сол кезден-ақ көзге ұрып тұратын.

Дегенмен, төбелеспеске болмай бара жатса, Тоқаев топ артында тасаланып қалмайтын. Сондай жағдайлардың бірі әлі есімде. Біз мектептен шығып Қарағайлы саябаққа барғанбыз. Қарсы келе жатқан топта төрт жігіт бар еді. Әңгіме сол баяғы "Темекі бар ма?" деген сөзбен басталды. Жомарт та бағзы дағдысына басып, тұтанып келе жатқан мәселені бейбіт шешуге тырысып-ақ баққан. Бірақ бұл жолы онысынан түк шықпады.

Сол жерде біз күтпеген оқиға болды. Қарсы тараптың бір жігіті күтпеген жерден соққы жасап қалды. Жомарт та осал емес екен. сол жолы екі жақ та ауыр жарақатсыз шықтық.

"Бір сөзбен айтқанда, Тоқаев мінезсіз жігіт емес еді. Оның қанымен келген қасиеті бүгін де бойынан жоғалмағанына сенемін", - дейді досы. 

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір