• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 17:55:59
Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын жаңа жол ашылды

13 Мамыр, 2019 NEWS

Тағы да әуе апаты: "суперджетті" не сайтан түртті?

"Sukhoi Superjet 100" ұшағының қайтып келу себебі – борттағы техникалық ақаулар болып шықты.

13-мамырға қараған түні Шереметьево әуежайынан шыққан ұшақ біршама уақыттан кейін Мәскеуге қайтып оралды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Лайф сайтына сілтеме жасап.

Мәскеу – Самара бағытына шыққан "Sukhoi Superjet 100" ұшағының қайтып келу себебі – борттағы техникалық ақаулар болып шықты.

Самараға бағытталған ұшақ командирі кабинаға ауа толуына кедергі болғандықтан әуежайға оралатыны туралы хабар берді. Ұшақты бірнеше өрт сөндіру бригадасы қарсы алды. Әуе кемесіндегі жолаушыларды ойдағыдай басқасына ауыстырды.

Естеріңге сала кетейік, Шереметьево әуежайындағы "Аэрофлот" әуе компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы апатқа ұшырап, қайтыс болған адамдардың саны 41-ге жеткен.

Ресейлік БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, бортта 78 адам болған. Олардың 37-і аман қалыпты. Қазіргі таңда 6 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Бектас 14 Мамыр, 2019

Базарларда көп заттарды сатушылар Ресейден деп көтермелейді. Кеңестер кезінде ОТК деген болған, сол кезде сәл-пәл сапалы товар шығатын. Қазір Ресейде сапалы зат жоқ. Қай саланы алмасаң да, біткен. Айналасындағы ТМД елдеріне отход жібереді. Өз ішінде де көп отходтар, өздері үшін сапалысы да бар. Бірақ бізге сапалы товар келеді дегенге сену қиын. Шпротын көрдім біздің елде, отход.