• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:26:15
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

13 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

"Қазақты құтқарып қалатын Робин Гудті көріп тұрғаным жоқ!": Сайлау туралы кім не дейді?

Сөйтіп оппозиция мен билік бір де нөл болды!

Президенттікке үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Әлеуметтік желіде 9 маусымда өтетін сайлауға байланысты түрлі пікірлер жазылып, талқылануда. Көпшілік алдағы сайлаудың басты кейіпкері ретінде Қосанов пен Тоқаевтың есімін атауда.  Qamshy.kz ақпарат агенттігі қоғам белсенділерінің алдағы сайлауға қатысты фейсбук желісіне жазған пікірін оқырман назарына ұсынады. 

Бауыржан Серікбаев: 

— Қосановтың командасы күн өткен сайын бәрін бүлдіріп барады. Тығырықтан шығу үшін тез арада іске асуы тиіс қадамдар төмендегідей болуы қажет:

1. Солтүстіктегі ауылдардан кету керек! Бағыт Алматы болуы тиіс. Алматы еліміздің жүрегі. Қазақстанның барлық өңірінен xалық бар. Журналистер, зиялы қауым, жазушылар, қоғам қайраткерлері, әншелер, спортшылар мен жастардың негізгі шоғыры Алматыда. Кездесулер кітапxанада емес Алматыдағы ашық алаңдар мен орталық парктерде өтуі керек!

2. Қазір Кеңес заманындағыдай әр ауылды аралап жүріп түсіндіретін заман емес. Бастысы xалықтың алдына шыққанда ауылдан бастап, Астанаға дейінгі мәселелерді жік-жігімен жеткізе білу қажет. Жүректен шығарып, сауатты түрде жеткізе білсе елге әсері мол болады.

3. Әлеуметтік желінің күшін Қосановтың командасы өте әлсіз қолдануда. Кездесулерінің бәрін инста мен фейсбукте тікелей эфирде өткізіп отыруы шарт! Келесі болатын жиындардың орны мен уақыты жайлы банерлер жасалып ватсап арқылы таратылуы қажет!

4. Алматыда әнші мен биші, спортшылар көп. Өз беделін пайдаланып олармен арнайы кездесу өткізуі керек. Қосановтың командасына елге танымал Мейрамбек, Сәкен сынды 4-5 жұлдыздар керек. Әлгі жұлдыздар барлық кездесуді өз парақшаларында тікелей эфирде таратып жатса бүкіл Қазақстан көріп отыр деп есептей беріңіз. Ауылға барудың да қажеті жоқ. Уақыт тығыз. Өз бағдарламаңды таныту мен xалықты соңыңнан ерту үшін XXI ғасырдың теxнологиясын қолдансын. Қазір заман басқа!

5. Билік шектеу жасап жатса тіпті керемет! Алматыда орналасқан xалықаралық ұйымдар мен бақылаушыларды шақырып, биліктің заңды белшесінен басқан әрекеттерін тікелей эфирде xалыққа көрсетіп отыруы шарт! Бұл тактика арқылы "Сайлау әділ өтеді" деген Тоқаевтың сөзі орындалмады деп қоғамға ақпараттық соғыспен мықты месседж тасталуы керек.

6. "Оппозицияның жұмсақ күші" деген саясаттың жаңа терминімен жұмыс жасауы қажет. Ол дегеніміз - заңнан аттамай, сауатты сөйлеп, барлық әрекеттерін xалықаралық талаптарға сай жасай отырып биліктің заңсыз әрекеттерін, сайлауалды науқандағы қысымын инеттің күшімен елге, әлемге жеткізу. Халықты көтеру. Елге заңды бұзып отырған оппозиция емес, билік деген күшті месседжді беру.

7. Өзі мамандығы журналист кісі. "Азаттықтан" бастап елге танымал журналистер мен блогерлермен мықты байланыс орнатуы тиіс. Осы арқылы барлық қадамы елдің назарында болуы керек. Барлық кездесулері "Азаттық" пен елге танымал блогерлер арқылы тікелей эфирде Қазақстанға таралып отыруы шарт.

8. Әр кездесудің соңын Тоқаевты Алматыдағы немесе Астанадағы орталық стадионға ашық дебатқа шақырумен аятау керек. 10 күннен кейін бұл xалықтың да талабына айналмаса маған келіңіз. Егер Тоқаев дебатқа шықпаса тіпті жақсы! Күні мен уақытын белгілеп ел болып күту қажет! Бұл тікелей эфирде Қазақстанға таралуы шарт. Егер келмесе Тоқаевты шындықтың бетіне тура қарауға батылы жетпеген, xалықтың талабын орындамаған тұлға ретінде антипиар жасауға пайдалануға болады.

9. Өз жазбалары мен сөздерінде "Білмедім", "Олай болатынын есептемедім", "Билік дебатқа шықса мен дайынмын" деген позициядан кетуі керек. Анық, нақты әрі талап етуші, өзіне сенімді адамның иммиджін беруі қажет.

10. Киімі мен сөзін, жүріс-тұрысын реттейтін иммиджмейкерлермен, стилистермен жұмыс жасасын. Қазіргі келбеті мен әрекеті болмайды. Елді басқарар, президенттікке үміткер адамның жүріс-тұрысы бұлай болмауы керек!

11. Бағдарламасын қайта жазып шықсын! Бұл талқылауды қажет етпейтін аксиома. Қазіргісі ұятты жағдай!

Осы айтылған 11 қадамды алдағы 1-2 күнде қолға алуы шарт. Олай жасамай тиіп-қашып айдалада ауылда жүруін жалғастыра берсе биліктің адамы екеніне күмәніңіз болмасын! Елдің басын қатырмай осы 11 қадамды шұғыл түрде қолға алсын!

Аятжан Ахметжанұлы: 

— Биылғы сайлау бұрынғы сайлауларға қарағанда сәл тартысты болатыны ақиқат.

Басты тартыс — осы екі кісі арасында. 
Бірі, "Ұлт тағдыры" қоғамдық қозғалысы атынан сайлауға түсетін - Әміржан Қосанов. Ол кісі дәл бүгін, 13 мамырда 55 жасқа толып жатыр. Құтты болсын!

Екіншісі, "Нұр Отан" партиясының кандидаты - Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол кісі 4 күннен кейін, 17 мамыр күні 66 жасқа толады. Құтты болсын!

55 және 66 жастың айқасы. Үгіт-насихат басталғалы әлеуметтік желі өзге бес кандидатты ұмытқан, талқылау тек осы екі кандидат жайында.

Екеуінде де мақтаушы да, даттаушы да көп. Екеуінің де өз артықшылығы бар, кемшілігі де жоқ емес. Бірақ, Американы Ұлы депрессиядан құтқарған Рузвельттің «Мен елдегі ең ақылды жігіт емеспін. Бірақ, қасыма ертең ең ақылды жігіттерді жинап алуға ақылым да, ерік-жігерім де жетеді» деген сөзі ең маңызды деп ойлаймын. Себебі, елдің жағдайын түзейтін орган - жалғыз президент емес, оның мықты командасы.

Сайлау науқаны ең қызу кез. Кім қанша пайыз алады? Ол алдағы күннің еншісінде. 

Айгүл Орынбек: 

— Сайлауда кімді қолдайсыз? Оқырмандарыңыз көп қой! Ешкімді қолдамаймын! Оқырмандарымды маған президентікке кандидат болып отырғандар жинап берген жоқ!

Өз ұстанымдарын ашық айта алмайтын азаматтарға дауыс бергім келмейді. Қолдан жасалған цирктің көрермені ғана болған дұрыс. Сайлауға міндетті түрде барамын, бланкіні бос жібермей шимақтап демократия жайлы шығарма жазып кетем! Бәріңіз міндетті түрде барыңыздар! Бұл менің азаматтық ұстанымым! Әр бір азаматтың қалауын сыйлап, құрметтеу керек! Иә барлық кандидат супер-пупер шығар. Бірақ қазақты құтқарып қалатын Робин Гудті көріп тұрғаным жоқ!

Сол үшін әнші күйші, бишілер агетациясын жүргізе берсін!  Биліктегі шөпке тышарлардың деңгейі белгілі болды. Өңкей әншілерді жинап халықтың алдында маймыл болып дауыс жинап не масқара?

Отыз жыл телеарна арқылы миымызды улағандары аздай, енді отыз жыл тағы әншілерді көру менің құсқымды келтіреді... Мен мұндай шоуға қатыспаймын! Халықтың жүзіне тіке қарап жүргім келеді!

Дина Елгезек: 

2011-дің 3-ші сәуірінде оппозициялық күштер сайлауға "бойкот" жариялаған болатын. Айғайлап алаңға шыққан жоқ. Қатырып саяси күрес жүргізді деуге тағы келмейді. Бойкоттың нәтижесі сол, сайлауда фальсификация жасаған билік 89,98 % дауыспен дегеніне жетті. 

Сөйтіп оппозиция мен билік бір де нөл болды! 2015-ші жылдың 26-шы сәуірінде болған сайлауда олар тағы бойкотқа шықты. 

Сайлау қорытындысы: Нұрсұлтан Назарбаев 95,21 дауыспен кезекті "жеңісін" иемденді. 
Ал оппозиция кезекті рет нокдаунға түсті. 

Енді 2019-да болатын сайлауға тағы бойкот жасап жатыр! Екі рет маңдай тасқа соғылған соң, нәтиже шығаруға болады ғой. Жоқ, "опять за свое"...  Түсінем, бойкот та – саяси күрестің бір тәсілі. Бірақ бұл тәсіл біздің билікке өтпейді. 

Дайындаған: Әсел Болатқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір