• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:17:53
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 Әлем

Журналистерді жұмыстан қуып жатыр...

Гурбангулы Бердімұхамедовке  отандық БАҚ пен телеарнаның жұмысы ұнай бермейді

Бұл жағдай Қазақстанда болып жатыр деп ойлап қалмаңыз. Түрікменстанда орын алып отыр. Бір ғана адамға бағынған авторитарлық бейтарап мемлекет Түрікменстанның басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов елдің Мәдениет және БАҚ  жөніндегі вице-премьері Бахаргүл Абдыеваға ескерту жасады. Неге? Президенттің айтуынша, «Бахаргүл ханым өз саласына қатысты БАҚ пен елдегі телеарна саласының жұмысын нашарлатып жіберген».

Осыған байланысты президент Гурбангулы Бердімұхамедов  жұмысында олқылықтар жіберіп алғаны үшін Түрікмен мемлекеттік баспа қызметінің төрағасы Ақмұрат Хұдайбердиевке қатаң сөгіс жариялады. Бұл ең соңғы ескерту, мұнан дейін тағы кемшіліктер орын алса, ол қызметінен біржола қоштасады. Сондай-ақ Бердімұхамедов «Nesil» газетінің бас редакторы Махрибан Гаидымованы да жұмысынан босатты. Ол мұнымен тоқтаған жоқ. Осыдан бірнеше күн бұрын түрікмен басшысы Мемлекеттік телеарна, радио хабарларын тарату және кинематография комитетінің төрағасы Нұрмамбет Гардыевке де қатаң сөгіс берді.  «Miras» телеарнасының басшысы Бияшим Атаев та президент бұйрығынан кейін  қызметінен кеткен.  

Жалпы Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовке  отандық БАҚ пен телеарнаның жұмысы ұнай бермейді. Өткен жылы да ол елдегі бірқатар БАҚ-тың басшыларын орнынан босатқан.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ойынша, «мемлекеттік телеарналар мен бұқаралық ақпарат құралдары Түрікменстанның таңғажайып дамуы мен өсіп -өркендеп, көркейгенін жалпақ жұртқа көрсете алмай отыр».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір