• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:29:01
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019

"Әруақ" көркем фильмі көрермендерге жол тартады

Фильмде басты рөлді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов сомдайды.

16 мамырдан бастап жалпыұлттық прокатқа «Әруақ» көркем фильмі шығады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фильмде басты рөлді қазақ киносының мэтрі Асанәлі Әшімов сомдайды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картинаның режиссері – Қуат Ахметов.

«Әруақ» фильмі Ағатай есімді қарттың өмірімен байланысты өрбиді. Фильмге өз ортасынан безіп, әйелі қайтыс болғаннан кейін далаға барып тұруды көздеген қарт кісінің өмірі арқау болады. Әйтсе де данагөй, пәлсапашының жолында балалар үйінен қашып шыққан Бөбек деген кішкентай, елгезек бала кезігеді.

 Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір