• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:33:26
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

Мектеп оқушысы сыныптастарын тұтқынға алды

Қазан қаласында мектеп оқушысы өз сыныбы мен мұғалімді тұтқынға алды.

Ресейдегі Қазан қаласында мектеп оқушысы өз сыныбы мен мұғалімді тұтқынға алды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Лента.ру» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан қаласында Адоратский көшесінде орналасқан №7 мектеп-гимназиясында пневматикалық тапанша және пышақпен қаруланған 17 жастағы жасөспірім кабинет есігінің алдын жауып, сыныптастары мен мұғалімді  шығармай қойды. Оқиға туралы хабар сағат 11:15 полиция қызметкерлеріне белгілі болып, арнайы жасақ жедел қимылмен мектепке елді.  Операция барысында полиция жасөспірімді қарусыздандырып, бөлімшеге алып кетті.

Алдын ала болжам бойынша оқушы өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ батылы жетпеді. Сондықтан мектепке қарумен келіп, тұтқынға алу кезінде оны өлтіретіне сенген.

Естеріңізге сала кетейік, ең соңғы жантүршігерлік әрекет 17 қазан күні Қырымның Керчь қаласында орын алды. Аталған колледждің студенті Владислав Росляков оқу орнында жарылыс жасап, артынан өзін-өзі атып өлтірді. Жарылыс пен қылмыскер атқан оқтан 19 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды.

Аударған: Ильдар Адильченов

Оқи отырыңыз:

 ♦Колумбайн терактісін қайталаған керчтік қаныпезер Путиннің фанаты болған

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір