• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:42:32
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 Әлем

Жантүршігерлік ұшақ апаты: Қазақ жігітінің аман қалуға мүмкіндігі болған, бірақ... (видео)

23 жастағы Навруз Искендеров атты дағыстандық жолаушыларды құтқарамын деп қайтыс болды.

Шереметьево әуежайындағы ұшақ апатынан қайтыс болған 41 адамның қатарында қазақ жігіті де болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

23 жастағы Навруз Искендеров дағыстандық жолаушыларды құтқарамын деп қайтыс болды. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, Навруздың аман қалуға мүмкіндігі болған. Алайда ол жолаушыларды қауіпсіз жерге шығаруға көмектескен. 

Авиакомпания өз кезегінде ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туған-туыстарына 5 млн рубль беретінін мәлімдеді. Сондай ақ Дағыстанның басшысы да Навруз Искендеровтың отбасына қаржылай көмектесетінін айтты. 

Алайда Навруздың ата-анасы да, туған бауыр-қарындастары да жоқ. Оның әкесі бала кезінде қайтыс болған, ал анасы бірнеше жыл бұрын онкологиялық дерттен көз жұмған. 

Навруздың әкесі – қазақ, анасы – құмық. Әкесінің көзі тірісінде ол Қазақстанда тұрған. Кейін анасының отаны Дағыстанға қоныс аударады. 

Сонымен бірге, ұшақтың ішіндегі жантүршігерлік видеоны да Навруз түсірген. Оның достары Наврузды дауысынан таныған. 

"Бұл видеода біреу "Барлығың сыртқа шығыңдар" деген офицерлік дауыспен айғайлайды. Бұл – анық Навруздың дауысы. Ол теңіз флотында офицер болған", - дейді Навруздың досы Шамиль. 

Апатқа дейін Навруз Искандеров Қазақстанға келіп үлгерген. Қазақстанға келіп мұрнына операция жасатқан, тісін емдеткен. 

"Навруз әзілдескенді жақсы көретін. Сондай-ақ сендіре білетін. Кейде оның әзілдеріне сеніп қалатынбыз. Кейін өзі кешіорім сұрайтын", - деп еске алды досын Шамиль. 

Апат кезінде Навруздың аман қалуына мүмкіндік болған. Себебі ол ұшақтың алдыңғы қатарында отырыпты. Бірақ Шамиль Навруздың бұл мүикіндіктен өз еркімен бас тартқанына сенімді. 

"Ол қиындыққа душар болып, өлім мен өмірдің ортасында жатқан адамдарды тастап кете алмайтын еді", - дейді Шамиль. 

Еске сала кетсек, 5 мамырда Мәскеуден ұшып шыққан Sukhoi Superjet - 100 ұшағы апатқа ұшырап, Шереметьево әуежайына қонды. Аталмыш ұшақта 78 адам болған. Олардың 41-і қайтыс болды. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір