• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:47:30
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2019 NEWS

АҚШ соты 180 млн доллардан асатын талап-арызды Қазақстанның пайдасына шешті

Сот бұл істі АҚШ-тың «Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы» заңын негізге ала отырып, юрисдикция болмағандықтан қарауына қабыл алмады...

2019 жылы 26 сәуірде Колумбия округінің округтік соты (АКШ) америкалық компаниялардың - Turan Petroleum, Inc. (Делавэр штаты), Energyfund, Inc. (Колумбия округы) және Trustees for Trek Resources, Inc. (Невада штаты) (бұдан әрі - Талапкерлер) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне қарсы (Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі) 180 млн АҚШ долларынан асатын көлемдегі талап-арызын қабылдамады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Әділет министрлігінің http://www.adilet.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Талап-арызға сәйкес Арыс және Арал мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану туралы концессиялық келісімшарттардың талаптары, сонымен қатар АҚШ пен Қазақстан арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім («Екіжақты инвестициялық келісім») бойынша Талапкерлердің құқықтары бұзылғаны, фидуциарлық міндеттер орындалмағаны, әділетсіз түрде пайда табу, фактілерді бұрмалау және немқұрайлылық белгілері анықталған.

Сот бұл істі АҚШ-тың «Шетелдік тәуелсіз иммунитеттер туралы» заңын негізге ала отырып, юрисдикция болмағандықтан қарауына  алмады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір