• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:26:03
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

13 Мамыр, 2019 NEWS

Трамптың құрметіне ауыл салынбақ. Қайда және неге?

Дональд Трамп Израильдің Голан биіктігіне иелік ететінін мойындайтыны туралы мәлімдеме жариялаған.

Израиль билігі Голан биіктігіндегі ауыл салатын орынды таңдап, оны АҚШ президенті Дональд Трамптың есімімен атамақшы. Жаңа қоныстандыруға қатысты шешімдер үкіметке бекітуге ұсынылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Осылайша, израильдіктер Америка президентіне Израильдің бөлігі ретінде саналатын биіктігіне құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірмек", -  деп мәлімдеді премьер-министр Беньямин Нетаньяху.

Голан биіктігі Израиль-Сирия арасындағы жанжалдың негізгі қозғаушы күші болып есептеледі.

2019 жылдың наурыз айында Дональд Трамп Израильдің Голан биіктігіне иелік ететінін мойындайтыны туралы мәлімдеме жариялаған.

Ал Кремль АҚШ-тың Голан мәселесіне араласуын құптамайтындары туралы емеурін танытып отыр. 

Аударған: Бек Байтас

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір