• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:04:21
Алматы
+35°

Bloomberg басылымы 2019 жылдың күзінде таныстырылатын жаңа iPhone модельдерінің сипаттамаларын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, Apple компаниясы үш түрлі смартфон шығармақ. Олардың барлығы A13 жаңа процессорымен жабдықталады және өндіру барысы мамыр айында басталады. Сонымен қатар, келесі iPhone Xs және Xs Max үлгілері түсірілім кезінде барлық аумақты кең көлемде алуға мүмкіндік беретін үш негізгі камералармен жабдықталады. Жаңа iPhone Xr үлгісінің камерасы да қосымша оптикалық үлкейту мүмкіндіктеріне ие.

Смартфонның сыртқы кейпінде ешқандай өзгеріс болмайды. Алайда Xs және Xs Max жарты миллиметрге қалыңырақ болады. Оларды сымсыз қуаттау мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, оның көмегімен жаңа AirPods және басқа да Qi стандарты бар құрылғыларды да қуаттай аласыз.

Наурыз айының соңында жаңа iPhone сызбасының суреттері желі жарияланған болатын. Жаңа құрылғылар iPhone 11 немесе XI атауына ие болады деген болжам бар.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір