• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:11:22
+35°

14 Мамыр, 2019 Спорт

Ең алғашқы мотоцикл тарихын білесіз бе? (фото)

Тарихи деректерге сенсек, биылғы жылдың  10 қарашасында адамдардың мотоциклмен жүре бастағанына 134 жыл толады екен.

Мотоцикл – бүгінгі таңда ең қолайлы көлік құралдарының бірі. Алайда, дәл осы екі дөңгелекті транспорт құралының шығу тарихын екінің бірі біле бермейді. Ендеше, Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырмандар назарына дәл осы "екі дөңгелекті жылқының" қалай құрастырылғанын және оның жұмыс барысында кездескен қиындықтарымен таныстырмақшы.

Тарихи деректерге сенсек, биылғы жылдың  10 қарашасында адамдардың мотоциклмен жүре бастағанына 134 жыл толады екен.  Қозғалыс құралының шығу тарихы туралы әртүрлі деректер бар. Солардың ең негізгілеріне шолу жасасақ.  

Франция

Бұл елде мотоциклдің ең алғашқы "нұсқасы" "басқысы бар велосипед" деген атқа ие болған. Франциядан шыққан ұста Пьер Мишо 1860-ыншы жылы «Мишо және компанияның" негізін қалады. 1867 жылы Пьердің басшылығымен шағын бу қозғалтқышымен жабдықталған ең алғашқы велосипед құрастырылып шығарылды. Ал прототипі сонау 1863 жылы құрастырылған дейді.

мотоцикл тарихы

АҚШ

Американдықтар да көштен қалмай, 1867 жылы Сильвестр Ропер көпшілікке өз велосипедін таныстырды. Ол жүргізушінің аяқтарының ортасында орналасқан бір бұрышында тетігі бар екіцилиндрлі құралдың көмегімен қозғалысқа келтірілетін. Қолмен басқарылатын. Алға қарай иілсе, газ беріліп, жылдамдық артатын, ал тұтқаны кері тартса, тежегіш іске қосылатын.  

мотоцикл тарихы

Ғалымдар мотоцикл бумен жүретін велосипедтерге ешқандай қатысы жоқ деген шешімге келді. Себебі, мотоцикл бу қозғалтқышпен емес, іштей жанатын үнемді қозғалтқышпен жабдықталған.

Ұлыбритания

1884 жылы ағылшындық Эдвард Батлер сол кезде толыққандаы мотоцикл деп атауға келетін көлік құралын таныстырып, оған «Butler Petrol Cycle» деген атау берді. Сөйтіп, дәл сол жылы Лондондағы жәрмеңкеде көпшілік назарына ұсынылды. «Butler Petrol Cycle» трицикл ретінде  таныстырылып, коммерциялық техника мақсатында пайдаланған болуы мүмкін. Есте қалатын бір жайт, оның атауында "цикл" термині кездеседі. 

мотоцикл тарихы

Батлердің мотоциклі туралы

Бұл үш дөңгелекті көлік құралы артқы дөңгелегіндегі 600 кубты құрайтын қуаттылығы 5,8 л.с.с электрмен қосылатын және су салқындатқышы бар жалғыз желімен жабдықталған.

Батлердің демеушісі де, қаржылық тұрақтылығы да болмағандықтан, мотоциклді көп көлемде шығару мүмкін емес еді. 1888 жылы Батлер мотоциклдердің сериялық шығарылымын шығарғысы келді. Бірақ ол сауда нарығында жетістікке жетпеді. 

Ең қызығы мотоциклді ең алғаш ойлап тапқан адам ешқандай атақ-даңқ қумаған Готлиб Даймлер деген азамат болған. Мотоциклдің "баласы" ағаш мотоцикл «Райтваген» сауда үшін емес, қозғалтқышты сынау үшін жасалған. Бұл мотоцикл 1885 жылы шығарылған деген дерек бар.

Готлиб Даймлердің негізгі мақсаты — төрт дөңгелекті автокөлікті «дүниеге әкелу» жолында құрастырылған бірінші және соңғы мотоциклі туралы жазушы, публицист Мелисса Холбрук Пирсон: «Алғашқы мотоцикл жазалау құралы сияқты көрінеді» деп суреттейді.

Германия

1894 жыл Мюнхен мотоциклінің алғашқы сериялық шығарылымымен есте қалды. Бұған Алоиз Вольфмюллер, ағайынды Вильгельмдер, Генрих Хильдебранд және механик Ганс Гайзенхоф себепкер болды. Алғашқы сериялық үлгідегі жүздеген мотоцикл Франция мен Германияда орналасқан негізгі зауыт пен ұсақ шеберханалардың арқасында «жарыққа шықты». Нақты саны белгісіз. Алайда сарапшылардың пікірінше, шамамен, 800-ден 2000 данаға дейін жетті дейді.

мотоцикл тарихы

1894 жылдың 20 қаңтарындағы өндіріске берілген патентте «Hildebrand & Wolfmuller» мотоциклінің салмағы 50 кг және сумен салқындатылатын қуаттылығы  2,5 іштен жанатын төрт тактілі қозғалтқышы бар делінген.  Бұл жылдамдықты сағатына  45 шаршы шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік берген. Бірақ бір қарама-қайшылық болған. Мотоциклдің басқысы, тіпті ажыратқышы да болмаған. Қозғалтқышты іске қосу үшін жүргізуші мотоциклді итеріп жүріп жүгіріп, қыздырып алуы керек. Содан кейін ғана «тұлпарының» тізгінен қолына алатын. 

Бұл өнертабыс көпшіліктің қызығушылығын арттырды. Мотоциклді жаппай сатып алып кетті. Тіпті бағасының 1200 маркадан жоғары екеніне де қарамады. 1894 жылдың соңына қарай Мюнхендегі өндіріс зауыты тәулігіне он данасын шығарып отырды.

Өнертапқыштар өздеріне мақсат қойды. Олар өндірісті реттестіріп алып, жылына 3000-нан көп мотоцикл шығаруға бел буды. Алайда, мотоцикл тізгінінде қауіпсіз шарасы қарастырылмағандықтан әрі сенімсіз екендігін алға тартқан тұтынушылардан түскен арыз-шағымдардың нәтижесінде өндіріс қаржы тұрғысында құлдырап, зауыттың жабылуына әкеп соқты.   

1897 жылы нарықта отты тұтанғышы бар мүлдем жаңа қозғалтқыштар пайда болды. Бұл барлық қозғалыс құралдарының өндірісін жақсартуға берілген керемет мүмкіндік еді. Сөйтіп, жаңа кезең басталды.

Сарапшылардың пайымдауынша, бүгінгі күнге дейін мотоциклдің әлем бойынша 1894 және 1897 жылдары жарыққа шыққан 10 шақты түпнұсқасы таратылған. Олардың әрқайсысынң аукциондағы бағасы  150 мың доллардан жоғары.

Аударып, ұсынған: Мақпал Сембай

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір