• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 09:55:44
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі концертінің толық нұсқасы шықты (видео)

Димаш домбырамен Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйін орындап, жанкүйерлерін тағы бір өнерімен таңғалдырды.

Димаш Құдайбергеннің Кремльде өткен концертінің видеосының толық сапалы нұсқасы желіде жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, Димаштың жеке ән кеші 22-23 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өткен болатын. Әлемнің 56 елінен қазақ әншісінің тыңдармандары Ресей астанасына жиналды.

Димаш қазақ тілінен бөлек әр тілдердегі танымал туындыларды орындады.

Сонымен қатар, концерт кезінде Димаш домбырамен Дәулеткерейдің "Көроғлы" күйін орындап, жанкүйерлерін тағы бір өнерімен таңғалдырды.

Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір