• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:54:37
Алматы
+35°

Аталмыш доменнің иесі Қайрат Алматов Қазақстанның астанасымен аттас домен неге 25 миллион теңге тұратынын түсіндіріп берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайрат Алматов — фрилансер әрі бағдарлама жасаумен айналысатын азамат. Ол бас қаланың аты өзгергенін естіген бойда Нұр-Сұлтан қаласымен аттас доменді 3300 теңгеге сатып алған. Өзі жария еткендей, Қайрат алғашында nursultan.kz деген доменді алғысы келген-мыс. Бірақ тіркеу сайтынан іздеген уақытта, ол доменнің бос емес екенін көріп, сан соғып қалыпты.

"Мен nursultan.kz деген доменді алғым келген. Бірақ ол бос емес екен. Сосын ойлана келе дефис қойылған доменді сатып алдым. Артынша бас қаланың Нұр-Сұлтан болып жазылатынын естігенде қатты қуандым. Мен бұл кәсіппен 23-24 жасымда да айналысқанымын. Бірақ кейін қойып кетіп едім. Енді менің теңіз жағасынан үй алғым келген арманым орындалатын сияқты", - дейді атышулы доменнің 29 жастағы иесі.

Қазақстан астанасының Нұр-Сұлтан деп аталатыны нақтыланған уақыттан кейін жарты сағат өткенде Қайратқа Ресейден бәзбіреулер хабарласып, 40 мың доллар, келесі күні 60 мың доллар ұсыныпты. Бір ай ішінде аталмыш доменді сатып алу мақсатында оның иесіне 30-дан аса адам қоңырау шалған.

"Доменді сатып алғысы келетін қазақстандықтар да жоқ емес. Бірақ олар ресейліктерге қарағанда әлдеқайда аз қаражат ұсынуда. Бірақ мен оны сатуға асықпаймын. Әлі де ұсыныстарды қарау үстіндемін. Бұл домен бас қаламен аттас болғандықтан, әлдеқайда қымбат тұруы тиіс. Егер қазақстандықтар мен қалаған қаражатты ұсынбаса, оны шетелдіктерге сататын шығармын", - дейді Қайрат Алматов.

Домен иесі өзінің қолындағы дүниесінің ең қымбат домен ретінде тарихта қалғанын қалайтынын жасырмады. Біршама уақыт бұрын аталмыш доменнің 24 миллион теңгеге электронды сатылымға шыққаны жария болған.

3300 теңгелік домен өзін 25 миллион теңгеге сатып алатын иесін іздеу үстінде. Иесі де теңіз жағасынан үй алуға асығып отырған көрінеді.

Аударған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір