• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:30:19
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Саясат

Тоқаевтың үстел теннисін шебер ойнаған бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады

Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисімен белсенді айналысып, «Спорт шеберіне үміткер» атағын да алған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 мамырда іс-сапармен Орал қаласында болды. Сапар барысында Тоқаевтың үстел теннисін ойнап жатқан бейнежазбасын президенттің баспасөз-хатшысы  Берік Уәли өзінің Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Президент жұмыс барысымен Батыс Қазақстан облысының бірқатар нысандарын аралап, өңір тұрғындарымен кездесті. Сонымен қатар, Орал қаласының ақпараттық технологиялар колледжінде де болды. Желіде тараған бейнежазбада Президент  колледж студенттерімен үстел теннисін ойнап жатыр.

Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисімен белсенді айналысып, «Спорт шеберіне үміткер» атағын да алған. Естеріңізге сала кетейік, ол екі жыл қатарынан Қазақстанның үстел теннисі Федерациясын басқарған.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Мастер-класс от Мастера спорта

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір