• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:32:22
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

Сүт қаптамасы суға толтырылған болып шықты: бұл не масқара?

Бұл сүт өнімдері, нақтырақ айтсақ, су өнімдері Талдықорған қаласында табылған.

Алматы облысында сатып алушылар сүт орамасының ішінен судан басқа ештеңе таба алмаған. Бұл жағдай қалай туындағанын, мәселенің ақ-қарасын қазіргі таңда өндірушілер анықтап жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.

Бұл сүт өнімдері, нақтырақ айтсақ, су өнімдері Талдықорған қаласында табылған. Дүкен қызметкерлері бірнеше ораманы ашып қараған және ешқайсысынан сүт таба алмады. Сөрелерде тұрған тауарлар партиясы тәркіленді.

"Зерттеу жүргізілуде, біз WhatsApp желісі арқылы келген сигналды көрдік, әрине, кінәлілер табылып, өз істеріне жауап беретін болады. Барлық қателік адамдардан", - деді MZ Sunny компаниясының директоры Аида Шайс.

Өндіруші компанияның басшылығы мән-жайдың қалай болғанын, қай жерден қателік кеткенін қарастыруға уәде берді.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір