• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:18:16
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

Аляскада екі ұшақтың соқтығысынан алты адам із-түссіз кетті

Кетчикан қаласында екі гидроұшақтың қақтығысынан 10 адам жаратқат алып, 6 адам ес-түссіз жоғалып кетті

Аляскадағы Кетчикан қаласында екі гидроұшақтың қақтығысынан 10 адам жарақат алып, 6 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Интерфакс» сайтына сілтеме жасап.

АҚШ федералдық авиация басқару орталығының баспасөз қызметінің өкілі Аллен Кенитцердың мәлімдеуінше, екі ұшақ белгісіз жағдайда қақтығысты.

Нәтижесінде de Havilland Otter DHC-3 ұшағының 10 жолаушысы Кетчикан қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Бір науқастың жағдайы ауыр. Тағы бір адам із-түссіз жоғалып кетті.

DHC-2 Beaver ұшағында 5 адам болған. Олардың бәрі із-түссіз жоғалып кеткен деп есептелуде.

АҚШ федералдық авиация басқару орталығы мен Ұлттық қауіпсіздік кеңесі оқиға бойынша жұмыс істеуде.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір