• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:02:59
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

Ақшаның да әдемісі болады екен

Ең әдемі деген банкноттар бестігін назарларыңызға ұсынғымыз келеді.

IBNS – Халықаралық банкнот қауымдастығы. Бұл ұйым жыл сайын әлемдегі ең әдемі банкноттар тізімін жасайды. Qamshy.kz ақпарат агенттігі осы ұйым берген ақпараттар негізінде әлемдегі ең әдемі деген банкноттар бестігін назарларыңызға ұсынғымыз келеді.

Бесінші орын – Соломон аралдарының 40 долларлық купюросы

Доллар

Соломон аралдары Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқандықтан, ақша бетінде мұхит суреттерінің бедерленуі қалыпты жайт. Купюроның алдыңғы жағында – теңіз суреті, артқы жағында – балалар отырған кеме мен ескек ұстаған адам мінген екі кеме бейнеленген. Сонымен қатар, банкнот бетінен сүңгуір қайықты, балықтар мен тасбақаны да көруге болады.

Төртінші орын –  100 Ресей рублі

рубьл

Бұл купюра 2018 жылы өткен футболдан Әлем чемпионатының құрметіне жарық көрген. Алдыңғы бетінде футбол добын ұстаған бала мен аңызға айналған қақпашы Лев Яшин бейнеленсе, артқы жағында – жер шарына ұқсас футбол добының суреті салынған.

Үшінші орын – 500 Норвегия кроны

крон

Бұл банкноттың сәнін норвегиялық әйгілі кеме жасаушы Колин Арчердің құтқарушы кемесі келтіріп тұр. Дәл осы Арчердің кемесімен атақты ғалым Фритьоф Нансен Солтүстік полюсті бағындырған, ал саяхатшы Руаль Амудсен Оңтүстік полюске бару жоспарын сәтті аяқтаған.

Екінші орын – 200 Швейцария франкы  

франк

Бұл валюта бетіндегі бейне басқаларына қарағанда өте ерекше. Үш координат осін нұсқап тұрған үш саусақ. Бұл Швейцария ғылымының дамығандығынан көрініс береді. Ақшаның жалған көшірмесі жасалмауын қадағалау үшін қаржы бетіне 15 түрлі ерекшеліктер енгізілген.

Бірінші орын – 10 Канада доллары

Доллар

2018 жылдың ең әдемі банкноты атағына  Канаданың 10 доллары ие болды. Банкнот бетінде Канададағы нәсілдік сегрегациямен күресте үлкен еңбек сіңірген қара нәсілді кәсіпкер Виола Десмонд ханымның портреті бейнеленген. Ал келесі бетінде 2014 жылы ашылған Адам құқықтары жөніндегі Канада мұражайы ғимаратының суретін көруге болады.

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір