• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 01:23:57
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

14 Мамыр, 2019 Әлеумет

Мемлекеттік мекемелер шетелдік көліктерден бас тартты

Қазақстандықтар жаңа көлік алу үшін 127 млрд теңге жұмсаған. Ал әрбір бесінші жүргізуші - нәзік жандылар.

Еліміздегі мемлекеттік мекемелер шетелдік көліктерден бас тартты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері олар тек отандық автоөндірушілерді қолдап келеді. Мамандар мұны бұрын-соңды болмаған жағдайға балайды.

Жалпы жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 8 мыңнан аса жеңіл көлік құрастырылған. Нарықтағы отандық көліктер үлесі 55 процентке артты.

Қазақстандықтар жаңа көлік алу үшін 127 млрд теңге жұмсаған. Ал әрбір бесінші жүргізуші - нәзік жандылар. 

Нарықта LADA бренді сұранысқа  ие. Бүгінде бұл маркадан 555 көлік сатылған. Одан кейін жерлестеріміз Hyundai және KIA маркалы көліктерді сатып алады екен.

Әзірге елімізде электромобильдерге сұраныс аз. Былтыр осындай 22 көлік сатылған болатын. 


Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір