• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:39:47
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Саясат

Петр Порошенко өкілеттілігін тоқтатқан күні сотталуы мүмкін

Порошенконың іс-әрекеті билікті тартып алуға бағытталған

Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерін тағайындайтын жарлыққа қол қойды.

Кеңес мүшелерінің жаңа орынына № 217/2019 және № 218/2019 бұйрыққа сәйкес Михаил Искаков және Андрей Василенко бекітілді. Бұл қаулысын президент өз сайтында жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЕАD сайтына сілтеме жасап

Бұл мәселеге қатысты Украинаның Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары, адвокат Андрей Портнов өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, Порошенконың іс-әрекеті билікті тартып алуға бағытталған.

–Міне, Порошенко билікті тікелей тартып алуды бастады. Ол жай ғана екі адамды Сот Кеңесінің мүшесі қылып қоймады, сонымен қатар өзінің бес жыл бұрынғы заң алдындағы еркіндігін жоғалтып аламын деп қорықты. Ол осының барлығын жасамас бұрын, алдымен өзін ешқандай байқаусыз  ЖҮӨ (Жоғары үкіметтік өкілеттілік) мүшесі етіп сайлады, осылайша құйтырқы әрекеттерін жасай беруге мүмкіндік алды",- деді  заң қызметкері.

Портнов мұндай бассыздыққа Украина тарихында әлі ешкім бармағанын айтып, қызметін асыра пайдаланды деген айып тағып отыр.

–Оны биліктегі өкілеттілігін тоқтатқан күні қолына кісен салып, жанына күзет қойып, сот залына алып бару керек. Жақын арада Порошенко биліктен кеткен күні оған қатысты   талап-арыз түсіреміз,- деп заңгер сөзін қорытындылады.

Жақында ғана Порошенконың үстінен ПравитБанкке қатысты қылмыстық іс жүргізілетінін айтқанбыз.

Оқи отырыңыз: Порошенконың үстінен қылмыстық іс қозғалды

 Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір