• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:21:31
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

Қытайдың интернет саудасы Қазақстанды байытады

Қазақстан аумағы арқылы интернет желілерінің қолданыстағы көлемін қайта бағыттаудың барлық инфрақұрылымдық және процедуралық мүмкіндіктері бар

Электронды коммерцияның дамуы елімізге мол пайдасын тигізеді. Қытай тауарларының барлығы Еуропаға Қазақстан жолы арқылы өтеді, осы арқылы компаниялар ірі табысқа ие бола алады. Бұл туралы бүгін, 14-мамырда ҚР-ның Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов үкіметтік отырыста мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі EAD сайтына сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы өте ыңғайлы географиялық жерде орналасқан. Бүгінгі таңда бізде Қазақстан аумағы арқылы интернет желілерінің қолданыстағы көлемін қайта бағыттаудың барлық инфрақұрылымдық және процедуралық мүмкіндіктері бар"- деді министр.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының арқасында 2025 жылға қарай транзиттің көлемін 864 млн-ға өсіру жоспарланып отыр. Бұл қазақстандық компанияларға 132 млрд теңгеден 1 триллион 270 миллиард теңгеге дейін пайда табуға мүмкіндік береді", - деді ол. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, электронды коммерцияның экономикаға мультипликативті әсері ЖІӨ-нің жыл сайынғы үлесін 1,1% деңгейде болжауға мүмкіндік береді, ал Еуропаға 2025 жылға қарай Қытайдан күн сайын 2 мыңнан 21 мыңға дейін тасымалдау қарқындылығы артады.

 Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір