• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:04:28
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 NEWS

330 миллиондық аттракционның тоңқайып тұрғанын тек Рудныйдан көре аласыз

Рудный қаласында ашылған атракционды құрылыс кезіндегі ақауларға байланысты жауып тастады

 

1-мамыр күні Рудный қаласында ашылған аттракционды құрылыс кезіндегі ақауларға байланысты жауып тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала тұрғындары айналаны шолу дөңгелегінің кабинкаларының кері аударылып тұрғанын айтады.


Қала әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары Әнуар Ескатовтың айтуынша, бұзылған кабиналарда адам болмаған, ал аттракционның жұмысын 12-мамыр күні тоқтатыпты.
«Біз ақауларды табу үшін мамандарды шақырдық. Сөзсіз, аттракцион сапасын қарамаған жұмыскерлер мен мердігерге шара қолданамыз. Барлығын жөнімен тексереміз. Біз қазіргі уақытта сертификат мәселесімен айналысып жатырмыз», - деді әкімнің орынбасары.
Аттракцион салу үшін Рудный әкімдігі қазынасынан 330 миллион теңге бөлінді. Жергілікті тұрғындар аса қымбат айналаны  шолу дөңгелегінің салынуына бірден қарсы болды. Бірақ әкімшіліктің ойынша, 42-метрлік аттракцион кішкентай қаланы әдемі көрсету үшін керек.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір