• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:26:17
Алматы
+35°

14 Мамыр, 2019 Спорт

Парадзюдошы Олжас Оразалыұлы әлемдік турнирдің қола жүлдегері атанды

Әлем чемпионы Олжас жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті

Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан Әлемдік Гран При турнирінде қазақстандық спортшы Олжас Оразалы қола жүлдегер атанды. 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлем чемпионы Олжас жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, оның 4-еуінде жеңіске жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Жарыс нәтижесі бойынша әзербайжандық Ширинли Вугар жарыс жеңімпазы атанса, Бельгия спортшысы Алекс Болога екінші орынға табан тіреді.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі

Байрақты бәсекеде 35 мемлекеттің балуандары 2020 жылы Токиода өтетін паралимпиада ойындарына жолдама ұпайларын сарапқа салуда.

12-15 мамыр аралығында өтіп жатқан додада ел намысын 4 салмақ дәрежесінде жеті спортшы қорғауда.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір