• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:28:01
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

14 Мамыр, 2019 Экономика

Тоқаев Байқоңырда тың бастама көтерді

Мемлекет басшысы өзінің Байқоңыр қаласы жайлы пікірін білдіре келіп, бұл аймақта арнайы экономикалық аймақ құру қажеттігін жеткізді.

ҚР Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев бүгін Қызылорда облысына арнайы барып, аймақтың экономикалық даму қарқынымен, халықтың әл-ауқатымен танысты. Сапар барысында мемлекет басшысы "Байқоңыр" арнайы экономикалық аймағын құруға тапсырма берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жергілікті жолдар, су жүйесі, электр жарығы желісі, мәдени және спорт кешендері, бәрі жаңартылуы керек. Осы бағытта облыстық әкімшілік арнайы жоспарларды дайындауы шарт", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы өзінің Байқоңыр қаласы жайлы пікірін білдіре келіп, бұл аймақта арнайы экономикалық аймақ құру қажеттігін жеткізді.

"Байқоңыр қаласының инфраструктурасын дамыту жұмыстары асталды. 30 жыл ішінде бұл жақта бірінші рет көпқабатты үй мен медициналық орталық салынуда. 5 мектеп қазақстандық стандартқа сай білім беру бағдарламасына көшті. Коммуналдық мекемелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу және алты тұрғын үй мен мектеп құрылысы жоспарлануда", - деді ол.

Президенттің айтуынша, аймақ әкімшілігі Байқоңырды дамыту жөніндегі бағытты анықтап, жедел арада АЭА құру керек.

"Бұл қалада орналасқан ғарыш айлағы тұрғындарға, компанияларға көп ықпал етеді. Өйткені, осы ғарыш айлағы арқылы ірі компаниялар мен түрлі технологиялық стартаптарды бастауға болады", - деді Тоқаев.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір