• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 08:11:32
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

14 Мамыр, 2019 Спорт

"Қазақ боксының алтын дәуірі басталды". Қазақстандық боксшы MTK Global-мен келісімшартқа отырды

26 жастағы Балоев кәсіпқой рингте 2017 жылдан жұдырықтасады. Ол Польшада бастап, Қазақстан, АҚШ және Ресейде жекпе-жектер өткізген.

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Балоев (8-0, 7 КО), британиялық MTK Global компаниясымен келісімшартқа отыруына қатысты ойын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Келісімшартқа қол қойылғаны туралы 13 мамырда ресми жарияланды. Компания Балоевты "MTK Global галактикасындағы жаңа жұлдыз" ретінде таныстырып, "қазақтың соңғы патшасы" деп атады. 

"Әлемдегі үздік менеджерлік компаниямен келісімшартқа қол қойылғанын мақтан тұтамын. Олар маған мақсатыма жетуге көмектеседі деген сенімдемін. Қазақстандық бокстың алтын дәуірі келе жатыр, ал Сұлтан Заурбек, Әбілқайыр Шегалиев, Виктор Коточигов, Нұртас Әжбенов және Жаңқош Тұраров сияқты боксшылары бар MTK Kazakhstan үлкен күш. 

Менің мақсатым бар - ол әлем чемпионы болу. Бұл келісімшарт менің арманымды жақын етеді, менеджерлердің командасымен жұмысты асыға күтемін", - деп келтіреді Балоевтың сөзін MTK Global баспасөз қызметі.

26 жастағы Балоев кәсіпқой рингте 2017 жылдан жұдырықтасады. Ол Польшада бастап, Қазақстан, АҚШ және Ресейде жекпе-жектер өткізген. 

MTK Global ісін жүргізетін атақты боксшылар қатарында Тайсон Фьюри (27-0-1, 19 КО) және Билли Джо Сондерс (27-0, 13 КО) бар. Қазір бұл компания бокспен ғана шектелмей, ММА-де іс жүргізіп көруде.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір