• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

14 Мамыр, 2019 IT

Lenovo экраны майысатын ноутбукты көрсетті

Lenovо компаниясы ThinkPad X1 атты ноутбукты қолданушылар назарына ұсынған

Қазіргі таңда ноутбуктар бәсекесі дүбірлі додаға айналып кеткен. Аталмыш компания майысатын экраны бар құрылғы жасап шығарған. Енді сол өнімге қалай пернетақта қондыру керектігін ойлануда деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі nplus1.ru сайтына сілтеме жасап.

Lenovо компаниясы ThinkPad X1 атты ноутбукты қолданушылар назарына ұсынған. Оның ең басты ерекшелігі – майысатын экран. Болашақта осындай құрылғылар бізге үйреншікті компьютерлер орнын басатынына компания басшылығы сенімді.

Ноутбук еш қиындықсыз ОС Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейді. Толыққанды пернетақтасыз ноутбук планшетке ұқсайды.

Компания мәлімдемесіне сүйенсек, олар ThinkPad X1 атты ноутбукпен 3 жылға жуық уақыт жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта өндіруші тарап физикалық пернетақта орнату жолын іздестіруде.

Бұл ноутбук сатылымға 2020 жылы ғана жығады.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір