• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:26:08
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 NEWS

Мектеп оқушылары бар шағын автобус өртке оранды

Шағын автобус өрті 14-мамырда сағат 17:10 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Рошчинское ауылының маңында болды.

Кеше, яғни, 14-мамыр күні Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында 11 оқушы мен бір ересек адам сапар шеккен шағын автобус өртке оранды. Шағын экипажбен бірге жүрген полиция қызметкерлері балаларды көлік ішінен алып шығып, көлік жүргізушісімен бірге өртті сөндіруге тырысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Желдің салдарынан өрт өршіп кеткендіктен, полиция қызметкерлері жүргізушімен қосылып, көлікті жолдың шетіне ысырып тастады.

Шағын автобус өрті 14-мамыр күні сағат 17:10 шамасында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы Рошчинск ауылының маңында болды.

"
Қозғалтқыштан шыққан түтінді сезген жүргізуші жол бойына тоқтап, қауіптің алдын алды. Кілт тоқтаған ГАЗель көлігінің артынша облыстық ІІБ экипажының қызметкерлері полиция лейтенанты Жігер Балтабай мен аға полковник Батырхан Молданжанов та көліктерін тежеген. Балаларды шағын автобустан шығарып болған соң, өрт сөндірушілерді шақырып, барлығы бірге жолаушыларды залалсыздандыруға тырысты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ешкім жарақат алмады",- деді ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына 37 шақырым жерде орналасқан Келлеровка кенті №17 өрт сөндіру бөлімшесінің кезекші күзеті келіп жеткен. 17:53-те көлік толығымен жанып бітті.

"
Өрт болған орынды толығымен тазарттық. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт шыққан себеп - қозғалтқыш бөліміндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы",- деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті.

Рощчинск кентінен тағы бір көлік алдырып, полиция қызметкерлері балаларды отбасына аман-есен жеткізді.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір