• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:35:59
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Саясат

Дос Көшім: оларды "көргенсіз" демеске шара жоқ

Әміржан Қосановтың елде болып жатқан соңғы жаңалықтар туралы қойған сұрағына Дос Көшім тосылмай-ақ жауап берді.

14-мамыр күні ҚР президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың ютубтағы Exclusivekz атты арнасына кезекті қонақ ретінде белгілі саясаткер Дос Көшімді шақырып, бірқатар тақырыптарды тарқатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Әміржан Қосановтың елде болып жатқан соңғы жаңалықтар туралы қойған сұрағына Дос Көшім тосылмай-ақ жауап берді.

"Сөзімді "Жынымды келтірмеші, блин" деп бастағым келіп отыр. Соңғы кездері басшылардың тұрпайылығы, анайылығы белең алып барады. Дегенмен, халықтың да көзі, құлағы ашылған сияқты. Астанадағы бес баланың трагедиясынан кейін елдің еңсесі тіктеліп, өз ойларын батырыңқырап әрі батылырақ айтып жүр", - деді ол.

Әңгіме тізгіні Қосановқа көшісімен, ол жария тұлғалардың (министрлер, вице-министрлер, орынбасарлар) мәдениетсіздігі туралы сөз етті. Олардың халық жынына тие бастаған уақытын да нақтылап берген. Айтуынша, бұл уақыт бес баланың трагедиясымен тұспа-тұс келеді.

"Мұның бәрі жауапкершіліктің жоқтығынан ғой. Бір сөзбен айтқанда, қазақ мұндайларды "көргенсіз" деген. Ата-анасына тіл тигізбеймін. Бірақ олардың дәл қазіргі жасап жатқан әрекетін ешбір жолмен ақтап алу мүмкін емес", - деп тақырып нүктесін қойды Дос Көшім.

Әңгіме әрі қарай полиция қызметкерлерінің болмашы нәрселер үшін азаматтардың заңды құқығын шектеп, оны аяққа таптап жүргені туралы мәселелер сөз болды.

Оқырмандарға түсінікті болуы үшін бағдарламаның толық нұсқасын ұсынғанды жөн көрдік.

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір