• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 12:38:06
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

15 Мамыр, 2019 Саяхат

Туристер арасында ең тартымды 10 мұсылман елдері

ұсылман елдерінің ішіндегі ең қолайлы ел Малайзия болып танылды

Жаз айы шыққалы туристер демалуға баратын ел іздейтіні белгілі. Ал сіз қай жерге барғанды жөн көресіз? Еуропа құрлығына ма, Азия елдеріне ме, жоқ әлде Америкаға ма? Жалпы сарапқа салар болсақ, соңғы екі жылда туристер ең көп баратын ел Азия құрлығында екен. Тіпті АҚШ-тың өзі туристер көп баратын мемлекеттің қатарына кірмейді. АҚШ рейтинг бойынша 46 орында тұр.

MasterCard агенттігі  Global Muslim Travel Index (GMTI) орталығымен бірге жақында туристерге ыңғайлы ең тартымды  10 елді атады.

Бұл жерде сарапшылар ең алдымен туристерге қолайлы аймақ, сапалы сервистік қызмет  көрсету және  қоршаған ортаның көркемдігін таразыға сарапқа салды.  Сонымен...

Мұсылман елдерінің ішіндегі ең қолайлы ел Малайзия болып танылды. Индонезия да ең тартымды елдердің қатарына енді. Сөйтіп, 78 балмен екі ел көштің алдын бермей тұр. Одан кейінгі орындарда Түркия (75 балл), Сауд Аравиясы (72 балл), БАӘ  (71 балл), Катар (68 балл), Марокко (67 балл), Бахрейн (66 балл), Оман (66 балл) және Бруней (65 балл) мемлекеттері алды.

2018 жылы да әлем елдерінің арасында алғашқы орындарды Малайзия мен Индонезия алғаны белгілі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір