• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:03:18
+35°

15 Мамыр, 2019 Әлем

Жаз айы шыққалы туристер демалуға баратын ел іздейтіні белгілі. Ал сіз қай жерге барғанды жөн көресіз? Еуропа құрлығына ма, Азия елдеріне ме, жоқ әлде Америкаға ма? Жалпы сарапқа салар болсақ, соңғы екі жылда туристер ең көп баратын ел Азия құрлығында екен. Тіпті АҚШ-тың өзі туристер көп баратын мемлекттің қатарына кірмейді. АҚШ рейтинг бойынша 46 орында тұр.

MasterCard агенттігі  Global Muslim Travel Index (GMTI) орталығымен бірге жақында туристерге ыңғайлы ең тартымды  10 елді атады.

Бұл жерде сарапшылар ең алдымен туристерге қолайлы аймақ, сапалы сервистік қызмет  көрсету және  қоршаған ортаның көркемдігін таразыға сарапқа салды.  Сонымен...

Мұсылман елдерінің ішіндегі ең қолайлы ел Малайзия болып танылды. Индонезия да ең тартымды елдердің қатарына енді. Сөйтіп, 78 балмен екі ел көштің алдын бермей тұр. Одан кейінгі орындарда Түркия (75 балл), Сауд Аравиясы (72 балл), БАӘ  (71 балл), Катар (68 балл), Марокко (67 балл), Бахрейн (66 балл), Оман (66 балл) және Бруней (65 балл) мемлекеттері алды.

2018 жылы да әлем елдерінің арасында алғашқы орындарды Малайзия мен Индонезия алғаны белгілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір