• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:43:26
Алматы
+35°

Алматы қаласында өз әріптесін өлтірген полицей сотта соңғы сөзін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk.kz сайтының дерегін негізге алып. Азамат Барістемов әріптесінің туыстарынан өмір бойы кешірім сұрап өтетінін жеткізді. Сонымен қатар, Азамат өзінің әріптесін өлтіремін деген ой мүлдем болмағанын айтты. 

"Тамыздың соңғы күндері еді. Әкеме ескерткіш қою керек болды. Қыркүйек айы тергеу жұмыстары мен еңбек демалысының аяқталатын кезі болатын. 25 қыркүйекте әкеме жала жабылып, алғашқы сот отырысы өтті. Сондай-ақ тергеу жұмыстары басталды. 26 қыркүйекте менің еңбек демалысым аяқталып, жұмысқа шықтым. Мен сол күні нені ойладым десеңізші, сот мырза?! Менің өмірлік жоспарларым мен мақсаттарым мүлдем басқаша болатын. Алайда мен қасақана өлтіру туралы сөз қозғап тұрғаным жоқ. Менің жақсы көретін әйелім, ұлым, анам мен туыстарым бар. Сондай-ақ әкеме деген мақтаныш сезім бар. Егер менде қайтыс болған әріптесімдікіндей бедел болатын болса, оның сол күнгі әрекетін қайталамас едім", - деді Азамат Барістемов. 

Ол өз кінәсін толық мойындады.  Аталған іс бойынша сот шешімі бүгін шығады. Марқұм Сәбит Бегланұлының туыстары оны барынша ұзақ мерзімге қамауды сұрады. 

Естеріңізге сала кетсек, 26 қыркүйекте алматылық полицей әріптесіне оқ атқан еді. Берістемов сол күні кезекшілікке түсіп, күйеу баласын көріп қалып, онымен сөйлеспек болады. Оны адам жоқ жерге барып, қаруды басына тақап қорқытады. Әріптесі төмен еңкейгенде, "ол да қаруды тақаймын" деп атып алады. Әріптесі ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде қаза болды. Кейіннен Азаматтың мұндай қадамға баруына қарындасы себеп болғаны анықталды. Қайтыс болған Сәбит Бегланұлы Азаматтың қарындасына үйленген. Азаматтың қарындасы күйеуінің бірнеше айдан бері үйге қонбайтынын айтып, ағасына арызданған. Кейін Азамат өзінің күйеу баласымен жеке сөйлеспек болады.

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір