• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:30:03
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Байығыңыз келсе...

Біреулер "қалай байысам" деп ойлап жүргенде, байлар табысқа ерекше жолмен қарайды.

Біреулер "қалай байысам" деп ойлап жүргенде, байлар табысқа ерекше жолмен қарайды. Олар тек ақша тауып қана қоймай, тапқан табысын қатты бағалайды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

  1. Олар өздерін бұдан да жоғары байлыққа лайықпын деп ойлайды

Бай адам әрқашан алдына үлкен мақсаттар қояды. Олар ешқашан тапқан ақшасына қанағаттанбайды. Одан да үлкен табыс әкелетін жобаларды іздейді, табысқа жеткізетін жаңа идеяларды ойлайды. Бай адамның ойынша, оған өзінен басқа ешкім көмектесе алмайды. Егер ол ақша табуды тоқтатса, бүгінгідей байлықта өмір сүре алмайды, сондықтан талмай ізденіп, табандылықпен табысқа ұмтылады.

  1. Ақшаны ақылмен жұмсайды

Бай адамдар ақшасын ешқашан қажетсіз нәрселерге жұмсамайды. Олардың ойынша, пайдасыз құртылған ақша құрдымға әкеледі. Олар үшін үнемдеу ақшаны жұмсаудан маңыздырақ. Ақшаны аз жұмсап, көп тапқан тиімді.

  1. Қарызданудан қашады

Табысты адам біреуге қарыз болудан қашады. Егер біреуден қарыз алса, оны тез қайтаруға тырысады. Бұл уақыт өткен сайын қарыздың өсіп, екі есе шығынға әкелетініне байланысты.

  1. Өзіне сенеді

Бай адам үшін өзгелердің не ойлайтыны маңызды емес. Олардың өзіне деген сенімі психологиялық энергия мен жанына тыныштық беріп, ақша табуға деген құлшынысын арттырады.

  1. Ұнатпайтын іспен айналыспайды

Табысты адамдардың барлығы өз істерін қатты жақсы көреді. Олардың айтуынша, жаны қалайтын жұмыспен шұғылданған адам жаңа нәрселерге, жаңалыққа ұмтылады, өзін-өзі тоқтаусыз дамытады. Ең бастысы – сүйікті іспен шұғылдану, ал  мұндайда ақша өздігінен келеді.

  1. Олар инвестициядан қорықпайды

Бай адамдар үнемі өз ақшаларын инвестициялайды. Ақшасын банкте сақтамайды. Әрбір инвестор өз өмірінде бір немесе бірнеше сәтсіздікке ұшырайтыны сөзсіз, бірақ ол инвестиция жасамаса, одан да көп шығынға ұшырайтынын біледі.

  1. Бай адам әрекетке сенеді

Табысты адам әрекетке сенеді. Ол жұмыс істеуге, жаңа нәрселерді жасауға, дамуға, қаржылық жағдайын орнықтыруға қажетті қадам жасап, әрекеттенуден шаршамайды. Жай адамдар лотерея билетін сатып алып, жеңіске жету үшін дұға еткенде,  табысты адамдар  проблемаларын ақыл-ойдың көмегімен өзі шешеді.

 

 

Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір