• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:57:03
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

15 Мамыр, 2019 NEWS

Білім және ғылым министрлігі түлектер кешіне қатысты мәлімдеме жасады

Енді түлектер мектеп бітіру кешінде лимузин жалдап, айтулы күнді қымбат мейрамханада өткізбейді...

Ведомство мектеп бітіру кешін дәмхана, мейрамханаларда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, министрлік түлектер кешінің мақсаты сәнді киімдер мен мол дастарқанды көрсету емес екенін еске салды. Бұл кеш балалар, мұғалімдер мен ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп атап өткен. 

"Мектеп бітіру кешінің форматы қымбат әрі сән-салтанатқа толы кеш болмауы керек. Жылдар бойы тұлғаны қалыптастыруда талмай еңбек еткен педагогтар мен ата-аналар, түлектер арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал. Аталған кеште оқуда озат, жетістікке жеткен, мектеп, аудан, қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, интеллектуалдық жарыстарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан балаларды құрметпен атап өту орынды", - деп жазылған хабарламада. 

Министрлік өкілдері кеште түлектер мен ұстаздар арнайы бағдарлама дайындап,  мектеп ішінде де қызықты етіп, ұйымдастыруға болатынын алға тартады.

Биыл мектеп бітіретін еліміздің бірқатар өңірлерінің түлектері мектеп бітіру кешін ұлан-асыр етіп өткізуден бас тартып жатыр. "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы және "Адал Ұрпақ" клубы бұл бастамаға қолдау көрсетіп, "Түлектер кешін қарапайым өткіз!" атты челлендж ұйымдастырған. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір