• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 15:49:56
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

15 Мамыр, 2019 NEWS

Алматыда 6 жасар қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

Әкесі: Мен сенбеймін. Шын мәнінде Лизаның қалай өлгенін жасырып қалмақшы

Алматыда 6 жасар қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елизавета Пылаева есімді бүлдіршін 12-мамырда көз жұмған. Қыздың ата-анасы 5 жыл бұрын ажырасқан екен. Қыздың әкесі Александр Пылаевтың айтуынша, қызы 9-мамырдан бастап анасының қарауында болған. Ал 12-мамыр күні қызының ауруханада жатқаны туралы хабар алған.

"Қызымды 12-қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне апарыпты. Оның өліміне омырқасының сынуы себеп болған. Дәрігерлер қызымның ауруханаға келмей тұрып-ақ жан тапсырғанын айтты. Онда не үшін жан сақтау бөліміне жатқызып, дәрі еккендерін сұрағанымда, мейірбике "сұраған соң, жасадық" деп жауап берді. Лизаны ауруханаға биологиялық өлім қалпында алып келгенін дәрігерлер де мойындап отыр. Лизаны ауруханаға құдды бір жуындырып әкелген сияқты, денесінде де, киімінде де қан іздері жоқ. Бірақ денесінде жарақат бар. Маған оны көлік қағып кетті деді. Бірақ, мен сенбеймін. Менің ойымша, біреу жазатайым жағдай етіп көрсетіп, шын мәнінде Лизаның қалай өлгенін жасырып қалмақшы",-деді қаза болған қыздың әкесі. Оның айтуынша, ауруханада қыздың жанында бұрынғы жары мен енесі болған.

Алматы қалалық полиция департаментінде бұл жағдайға байланысты ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қыздың өліміне қатысты нақты ақпарат сот-медициналық тексерістер аяқталған соң ғана беріледі.  

Аударған: Дәурен Сыбанбай 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір