• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:47:57
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Шынайы махаббат оқиғасы мен "Love is..." сағызын не байланыстырады?

Сағыздың халықтың сүйіктісіне айналуына таңғажайып махаббат оқиғасы себепкер.

90 -жылдары өте үлкен танымалдылыққа ие болған "Love is…" сағызын білмейтін жан жоқ шығар?  Love is… сағызы өткен ғасырдың 70 жылдары пайда болған . Сағыздың халықтың сүйіктісіне айналуына таңғажайып махаббат оқиғасы себепкер деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Түркиялық компания бұл суреттерді сағызбен бірге шығарды. Романтикалық оқиғалар бейнеленген анимация әлемнің көптеген тіліне аударылып, жаңа кейіпкерлермен салына бастады. Мысалы, Түркияда хиджаптағы қыз бен ұлдың махаббат оқиғасы бейнеленді.

Сағыздың сол кезде брендке айналуына таңғажайып махаббат оқиғасы себепкер болған. Суреттердің шынайы авторы  жаңа зеландиялық карикатурист қыз Ким Казали 1970 жылдары романтикалық тақырыптағы махаббатқа толы анимациялық мультфильмдерімен әлемге танымал болды.

Ким Жаңа Зеландиядан басқа қалаға кетуге шешім қабылдайды. 60- жылдардың аяғында ол өзінің сүйіктісі Роберто Касалиді кездестіреді. Екі жас бір-бірімен тауда шаңғы теуіп жүргенде танысады.

ловк

Олар кездесіп жүргенде бір-біріне хат жолдайды. Хаттар қызықты болуы үшін Ким онда түрлі суреттер салады. Роберт сүйіктісінің салған суреттерін тастамай жинап жүреді. Кейіннен достары бұл суреттерді жариялауды ұсынады.  Осылайша бұл ашық хаттың танымалдылығы арта береді.

70-жылдардың аяғында Ким Los Angeles Times-қа арналған алғашқы тапсырысын алады. Олардың кейіпкері әлемге танымал сары шашты қыз бен қара торы ұл болды. Олардың әйгілі болғаны соншалық, суреттер сағыздың қорабына салына бастады. Ким де әжептәуір табыс тапты.

ловк

Кейін олар үйленіп, той жасайды. Дүниеге Стефано, Дарио және Мило есімді үш бала  келді. 1975 жылы Роберто Касалиге қатерлі ісік диагнозы қойылып, бір жылдан соң көз жұмды. Дәл сол жылы оның кенже баласы дүние есігін ашты.

Жары бақилық болғаннан кейін Ким сурет салуды тоқтатып, ұлдарының тәрбиесімен айналысты. Оның да сүйегінен қатерлі ісік анықталып, 56 жасында өмірден озды. Ал, олардың ұлдары өнер мен компьютерлік графика саласында мықты маман болып қалыптасты.

Осылайша қарапайым жұптың махаббат оқиғасын бүкіл әлем білді. Олардың махаббаты қуанышпен аяқталмаса да,  суреттегі бейнелері көп адамды өмірді сүюге, махаббаттың баянды болуына үйретті.

ловк

Ақерке Дүйсенбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір