• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:22:59
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Саясат

Қазақстанда қашаннан бері интернет бұғаттала бастады?

1 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ден бастап, 23:00 кей кездерде 0:00-ге Telegram, YouTube, Facebook, Instagram желілері уақытша бұғатталады

Бәрі неден басталды? Қазақстанда бірінші рет 10 жыл бұрын сайттар бұғаттала бастаған. Президент өз қолын қойған ыңғайлы заңдардың арқасында бастапқыда платформадағы блогтар жабылды. "Көптеген сайттар экстремисттік мақала жариялаған" деп Қазақстан аумағында жұмыс істемей қалды.

«Байланыс» туралы заңға жыл сайын жаңа тармақтар мен түзетулер енгізілуде. Бұл жаңартулардан ұққанымыз, биліктің  кез келген интернет ресурсты сотсыз жабуға құқығы бар деген сөз. Ең қызығы, Қазақстанда тосқауыл қойылған сайттар тізімі жоқ.
Ақпарат және коммуникация министрлігі 2017 жылы елімізде бұғатталған сайттар тізілімін тестілік режимде қосқан еді. Бірақ ол толыққанды платформа ретінде жұмыс істемеді. Тек бір ғана адрестік сілтеме арқылы Қазақстанда тыйым салынған сайттарды тексеруге болады. Бұл сілтемеде жұмыс жасауы да екіталай. Мысалы, Қазақстанда тыйым салынған change.org сайтын жазатын болсақ, ол бұғатталған платформа арасында жоқ. Қазір mic.gov.kz сілтемесі министрліктің жойылуына байланысты жабық. Оған балама Kaz Blocking Tracker атты платформа елімізде бұғатталған сайттар тізімін анық көрсетеді. Биліктің ойынша, Қазақстанда тыйым салынған сайттар тізімін көрсетуге болмайды. Олар халықтың мұны көріп, қызығушылығы артады деп ойлайды. 

Бірақ та мемлекетімізде тыйым салынған әдебиет, бейне және аудио материалдардың толық тізімі Бас прокуратураның парақшасында тұр. Осылардың ішінен діни кітаптарды байқау қиынға соға қоймасы анық. Сонда биліктің ойынша, зияны жоқ сайттарды оқи алмай, экстремистік әдебиетті оқуға болады екен ғой!

Сонымен Қазақстанда қанша интернет ресурсқа тыйым салынған?  ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Михаил Комиссаровтың айтуынша, 2017 жылы 301 мың заңсыз материалдарға тыйым салынды. Сол жылы Комиссаров тағы бір мәлімдеме жасаған белгілі.

«Құқыққа қайшы болатын материалдарды ашуға мүмкіндігін шектеу бізде 2016 жылда пайда болды. Интернетке билік тарапынан бақылау күшеюіне қоғамның қауіптенуіне сылтау жоқ. Материал заңға қайшы болған кезде ғана тыйым салынады. Статистикаға сүйінсек, 2016 жылдан бастап Қазақстан аумағында 31 мың материалға шектеу қойылды. Олардың ішінде 26 мың порноресурстар, ал қалғандары терроризм мен экстремизм, интернет-казино, жауыздық пен зорлық насихаттары», - деді Комиссаров.

Ал қазіргі таңда бұл сөздердің түк те  мағынасы жоқ. Өйткені соңғы 2 жылда елімізде интернетті бұғаттай салу қарапайым құбылысқа айналып кетті. Kaz Blocking Tracker хабарлауынша, Қазақстан тұрғындарына 4484 сайт қолжетімсіз.

Әлеуметтік желі тақырыбына келсек, 1 жылдың ішінде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ден бастап, 23:00 -де, кей кездерде 0:00-ге Telegram, YouTube, Facebook, Instagram желілері уақытша бұғатталатын болды. 2019 жылдың сәуір айында президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-да парақша ашқаннан кейін бұғаттаулар доғарылды. Бірақ 1 және 9-мамыр мейрамы күні бұғаттаулар қайта жалғасты.
9-мамыр – Жеңіс күні сағат 12:00-ден бастап бүкіл әлеуметтік желілер мен бірнеше БАҚ-тың сайттары тәулік бойы жұмыс істемеді.

Қорытындылай келе біздің айтарымыз, биліктің неден қорқатынын түсіне алмай дал боламыз. Интернетті бұғаттауы халықтың аузын жапқанымен бірдей. Ал ҚР Конституциясының 3 - бабына сәйкес, «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» делінген. Сонда билік халыққа қарсы жұмыс істеп отыр ма?!

 Ильдар Адильченов

Ильдар Адильченов

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір