• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 20:07:00
Кекілбаевқа арналған кеш

15 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Баласына есірткі жеткізбек болған әйелді құзырлы органдар құрықтады

Түрмедегі баласына аяқ киімге есірткі жасырып өткізбек болған әйел ұсталды

Түрмедегі баласына аяқ киімге есірткі жасырып өткізбек болған әйел ұсталды. Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттар мен бұйымдардың мекеме аумағына өту жолдарын дер кезінде анықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, ЗК-169/1 мекемесі режім және күзет бөлімінің қызметкерлері сол мекемеде ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен қамауда отырған баласына келген азаматшаны тексеру барысында онда жасыл түсті өткір иісті кептірілген шөп тәріздес зат бар екені анықталды. Әйел оны баласына алып келген спорттық аяқ киім арқылы өткізбек болған. Оқиға орнына Қызылорда қаласы полиция басқармасы жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталмыш тыйым салынған зат тәркіленіп, ол сараптамаға жіберілді.  

«Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша оның марихуана екені анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.   

Ұсынған: Мият Кәшібай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір