• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:45:00
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Көңіл шерін қозғайтын ескерткіштер

Дүниежүзілік тарихта бір емес адамның жасын төккізген адам өмірін алған соғыстарда болған

 

Біздің өміріміз әр-түрлі түстері бар жарқын әлем. Дүниежүзілік тарихта бір емес адамның жасын төккізген, жанын алған соғыстар да болған. Адам соғыс құрбандары мен тарихымыздың күйінішті оқиғаларын ұмытпас үшін ескерткіштер мен мемориалдар орнатады.


1. Löwendenkmal, Швейцария

Әлемге әйгілі Люцерн ескерткіші - Löwendenkmal. Бұл өліп бара жатқан арыстан бейнесі 1792 жылы Тюильри шайқасында қаза тапқан швейцарлықтар құрметіне ойылған.


2. Қолшатыр ұстаған қыз, Беларусь
1999 жылдың 30-мамыр күні Минскте соңғы қоңырау мерекесін тойлатып жүрді. Бір мезетте нөсер жауын жауып, барлығы жерасты өтпе жолына тығыла бастады. Адам көптігінен жиналған қауым кептеліп қалған. Соның салдарынан 53 адам қаза тапты.


3. Тear of grief, АҚШ

2006 жылы 11-қыркүйек күні Нью-Йорктегі Гудзон жағалауында ашылды. Бұл скульптор Церетелидің 11-қыркүйектегі лаңкестердің құрбандарына арналған сыйы. 176-тонналық ескерткіштің ортасы қақ жарылып, 11-метрлік көз жасы ағып тұр.


4. Pomník obětem komunismu, Чехия

2002 жылы ашылған бұл мемориал Чехиядағы коммунизм құрбандарына арналған. Мемориал баспалдақпен жүріп баратқан өлім жазасына кесілген жеті адамды көреміз. Мыс пластинкаларда өлім жазасына кесілген адамдар (248), түрмеге қамалғандар (205 486), темір торда қаза тапқандар (4 500), шекарада көз жұмғандар (327) және Чехияда коммунизм орнаған 1948-1989 жылдары арасында басқа елдерге заңсыз қоныс аударғандар (170 938) саны жазулы тұр.


5. Cipők a Duna-parton, Венгрия

Мемориал осы жағалауда өлім жазасына кесілген еврейлерді еске алу үшін 2005 жылы ашылды. Нацистер адамдарды аяқ киімін шешіп, бір-бірімен байлап қоятын. Одан кейін бір адамға ататын. Ол еврей өзенге өзімен бірге қалғандары су түбіне алып кететін. Осылай фашистер оқ-дәрілерді үнемдеген. Ал қалып қойған аяқ киімді базарға апарып сататын. Жағалауда ер адамдардың, әйелдердің және балалардың  60 жұп аяқ киім орналасқан.


6.  “Хатынь” мемориалдық кешені, Беларусь

Бұл мемориалды кешен фашисттер жойған беларустық ауылда тұр. Нацистер 149 адамды тірідей өртеп жіберді. Олардың ішінде 75 бала болды.

7.Pamätník nenarodeným deťom, Словакия

Ескерткіш түсік құрбандарына арналады. "Анашым, жылама! Мен сені бәрібір сүйемін” деген жазу бар. Ескерткіштің жартысы сутастан жасалған.


8. Қайғы жамылғысы, Россия

15-метрлік монумент Кеңес Одағының кезіндегі жаппай жазалау шараларының құрбандарына арналады. Мүсін 1996 жылы ашылды.


9. Хатико, Жапония

Барлығымыз күнде қожайынының күтіп алатын Хатико есімді жанын қиған ит туралы оқиғаны білеміз. Досының өлімінен кейін де, ит оны 10 жыл қатарынан бекетте күтіп отырған. Мүсін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде аман қалмады. Бірақ 1948 жылы ескерткішті қайта жаңдандырды.

Автор: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір