• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 00:53:06
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

16 Мамыр, 2019 Әлеумет

Қазақ ауа-райын ертеден болжаған: "Құралай салқыны" туралы білесіз бе?

Мұны қазақ "Құралай салқыны", "Құралай желі" деп атап кеткен.

Мамыр айының орта шенінде даланың еркесі – ақбөкен төлдей бастайды. Жаратушының шеберлігіне шек жоқ қой. Дәл осы уақытпен тұспа-тұс, яғни, жаңа төл аяққа тұрып кеткенше ауа-райы құбылмалы бола бастайды. Мұны қазақ "Құралай салқыны", "Құралай желі" деп атап кеткен.

Осы ерекше һәм таңдай қақтырарлық құбылыс туралы белгілі журналист Нұрбек Бекбау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялады.

Зерттеу мақалалары көптің көкейіндегісін дөп басатын журналистің жазбасын оқырман назарына толық ұсынғанды жөн санап отырмыз.

"Осы деймін де, киіктер неге басқа емес, осындай суық күндері төлдейді екен?! Қисынға салсаң, төлің "жүгіріп" кетуі үшін, ауа райы жып-жылы кезде туған жөн емес пе? Ал, неге киіктер логикаға кереғар, өңменіңнен өтер суықта туады? Жаратқанның даналығы бар мұнда! Егер жылы күнде төлдесе еді, жаңа туған қозының кіндігі ыстық ауадан тез бітпей, оған шыбын қонып, іріңдеп, соңыра мерт болар еді. Сондықтан, бөкендер ауа райы 3° градусқа дейін төмендеп кететін "құралай салқынында" жаппай туады, бұл кезде қалшылдаған суық жүріп, шіркей біткен тығылып қалады!!!

Сосын, денеңді қаритындай суық күндер - даланың негізгі жыртқышы қасқырды бұйығы күйге түсіреді. Ол жарықтық, тұп-тура 3 күнге тәбеті жоғалады, ештеңеге зауқы болмай, апанында жатады да қояды. Ал киік осы үш күнде жаппай туып үлгереді. Сол 3 тәулік ішінде құтақандай-ақ құралайлар аттылы адамға жеткізбес жүйрік боп үлгереді.

Құдайдың кереметі иә?! Егер осы суық болмағанда, Арқадағы тәлтірек миллиондаған құралайды шыбын-шіркей талап, қасқыр паршалап, Ұлы Дала жыртқыштардың Пир-дастарханына айналып кетер еді ә?!"

Ұсынған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

Еркебұлан Төреханов 17 Мамыр, 2019

Пир дастархан деген не.