• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:14:19
+35°

16 Мамыр, 2019

Димаш Құдайберген атақты әнші Андреа Бочеллимен кездесті (видео)

Бейжіңде бүгін Азия мәдениетінің карнавалы өтіп жатыр. Іс-шараға танымал қытайлық және әлемдік әншілер өнер көрсетіп жатыр.

Димаш Құдайберген танымал италиялық әнші, классика және кеңінен таралған музыкалардың орындаушысы, 12 жасында қос жанарынан айырылса да, әлемдік сахнаны бағындыра алған ерекше тұлға Андреа Бочеллимен Бейжіңде кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы әнші өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жазды. 

«Андреа Бочелли ағамызбен сахна сыртында көрістік. Ағамыз менің шығармашылығымды қолдап жүретіндігін айтып, батасын берді. Көргеніме қуаныштымын аңыз тұлға!», - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Бейжіңде бүгін Азия мәдениетінің карнавалы өтіп жатыр. Іс-шараға танымал қытайлық және әлемдік әншілер өнер көрсетіп жатыр. 

Ұсынған: Мақпал Сембай

 

Мақпал Сембай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір