• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:11:09
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 NEWS

Алматы облысындағы қоқыс полигонынан өрт шықты: Неге сөндіруге асықпайды?

Өрт Қарасай ауданы Әйтей ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан.

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Өрт салдарынан Алматыны түтін басты.

Өрт Қарасай ауданы Әйтей ауылы маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында шыққан. Бір гектар жер отқа оранған. Қоқыстағы өрт әлі де сөндірілмеген, 12 сағат бойы өртеніп жатыр.

Осыған дейін өртті сумен емес, топырақпен өшіруге тырысып жатқаны туралы хабарланған болатын. Өйткені өрт сөндіру көліктері қоқыс өртеніп жатқан ойыққа түсе алмаған.

Не себепті өртеніп жатқан полигонға тікұшақтар тартылмайды деген сауалға Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті, аталған полиганға жауапты "Kaz Waste Conversion" ЖШС компаниясы өртті өз күштерімен сөндіруге ниетті деп жеткізген. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитеті мұндай полигондарда өрт сөндірудің өзіндік тәсілдері бар екенін хабарлады.

Алайда, "Kaz Waste Conversion" ЖШС ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір