• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 08:10:24
Кайдзеннің өндірістегі қағидалары

16 Мамыр, 2019

"Шындықтан қаша алмайсың": Нұр-Сұлтанда осы ұран тағы да бой көрсетті

Инстаграм желісіндегі rukh2k19 атты аккаунт қолданушысы "Шындықтан қаша алмайсың" ұранын насихаттайтын тағы бір ерекше дүниені парақшасына жүктеді.

Елімізде кезектен тыс президент сайлауы белгіленіп, сайлауалды науқандар басталғалы бері түрлі митингілер мен бас көтерулер орын алып жатыр. "Шындықтан қаша алмайсың" ("От правды не убежишь») деп ұрандатқандар енді бас қалада да бой көрсете бастады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы кездері бос плакат ұстаған немесе плакат ұстаған кейіп танытқан азаматтарды да әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардың саяси-азаматтық позициясы туралы сұрақ-жауап жүргізіп жатыр полиция қызметкерлері.

Дегенмен, дүбірлі дүрмектің додасына түсіп кеткендер ауыздық бермей келеді. Ірі шаһарлардағы ел назарына ілінетін жерлерге баннерлер іліп, әлеуметтік желідегі парақшаларында түрлі жазбалар жариялап дегендей, өз құқын барынша қорғайтындарын көрсетіп бағуда.

Осындай қоғамдық шараны ұйымдастырғандардың барлығы алды 15 тәуліктен мерзім алып, арты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша заң бұзған болып есептеліп, айыппұл арқалауда.

Инстаграм желісіндегі rukh2k19 атты аккаунт қолданушысы "Шындықтан қаша алмайсың" ұранын насихаттайтын тағы бір ерекше дүниені парақшасына жүктеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 

Публикация от ⚡️RUKH (@rukh2k19)

Фотоға назар салсақ, полиция қызметкерлерінің де асфальтқа салынған граффити типтес суретке не шара қолданарын білмей, әрі-сәрі күйге түсіп тұрғанын байқауға болады. Дегенмен, бұл факті арқылы жазаланып жатқандар туралы ешқандай ақпарат жария болған жоқ.

Егер дағды бағзы қалыпта болса, көп ұзамай "жағымды" жаңалықтар естіп қалармыз. Әзірге – осы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір