• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

16 Мамыр, 2019 Тағайындау

Асылхан Төлепов басшылық қызметке тағайындалды

Асылхан Төлепов 2012 жылы "Жау жүрек мың бала" фильмінен кейін танымал бола бастаған.

Белгілі қазақ актері Асылхан Төлепов "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы актердің анасы Салтанат Бисембаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Баланың жетістігін көру - әр ата-ана үшін үлкен бақыт. Осы күндерге жеткізген Аллаға шүкір! Асылxан балам "Алатау" дәстүрлі өнер және кино театры директорының орынбасары болып тағайындалды. Қуанышты көпшілікпен бөліссең еселене түседі. құттықтап қойсаңыздар болады. Балам, артылған сенімді абыроймен ақтарсың, жұмысыңның жемісін көр" деп ағынан жарылған Асылханнығ анасы.

Асылхан Төлепов 2012 жылы режиссер Ақан Сатаевтың "Жау жүрек мың бала" фильміндегі Сартай рөлінен кейін танымал бола бастаған еді. Сонымен қатар, "Балалық шағымның аспаны", "Сұңқар" сериалдарында, "Рэкетир-2" фильміне де түскен жас актерлердің бірі.


Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір