• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:20:03
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 NEWS

Назарбаев: Сайлауға қатыссам, 100% басымдықпен жеңіске жетер едім

Президенттік өкілеттілінің аяқталмағанын айтып, әрі қарай жұмыс істей беруге болатынында жасырмады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа жасақпен сайлауға қатысар болса, сөзсіз жеңіп шығарына сенімді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасын 30 жыл басқарған Назарбаев 20-наурыздан бастап өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Орнына  Сенат парламентінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Қазақстандағы кезектен тыс сайлау 9-маусым күні өтеді. Тоқаевты есепке алғанда жеті кандидат тіркелген.

"Жасалған жобалар мен тың идеялардың арқасында халықпен тығыз байланыста жұмыс жасап, мен бес сайлауға қатыстым, ешбірінен халық маған 85%- дан төмен дауыс бермеді. Осының барлығы халықпен арамызда түсініспеушілік болмауының арқасында. Бұл жағдайды мамандармен қатар, барлық көрші елдер жоғары дәрежеде бағалап отыр.",- деді Елбасы Нұр-Сұлтандағы форумға кірмес бұрын.

Президенттік өкілеттілігі аяқталмағанын айтып, әрі қарай жұмыс істей беруге болатынын да жасырмады.

"Өз кандидатурамды ұсынған күннің өзінде барлық қазақстандықтар даысын бірауыздан маған беретін еді, бірақ елге жаңа өзгерістер, жаңа жоба, жаңа ұрпақтың өкілдері қажет. Жаңадан келген жасақ елдің экономикасына өзгеріс алып келері даусыз",- деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Мен тек жаңа президентке қолдау көрсетемін

Дайындаған: Бек Байтас

Дәурен Сыбанбай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір