• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:15:49
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 NEWS

Алматыда автобус жүргізушісі мен жолаушы төбелесіп қалды (Видео)

Әлгі автобус бағытына жауапты "Алматыэлектротранс" компаниясы аталған фактіні қабылдап, тексеру амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бүгін №137 қалалық автобустың жүргізушісінің "біртүрлі" қылығын жолаушылар таспаға тартып алып, желіге жүктеді. Видеода жолаушы мен жүргізушінің төбелесіп жатқаны анық байқалады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі ер адамның жаға жыртысы бүгін таңертең №137 қоғамдық көлікте орын алған. Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі өзін дұрыс ұстамаған. Нақтырақ айтсақ, екі аялдамаға тоқтамай, жолаушылардың өтінішіне құлақ аспаған. Көлікті тоқтатқаннан кейін де біраз уақытқа дейін есікті ашпай, жолаушылармен ұрысып отырып алған екен.

"Алматы қаласының жолаушылар тасымалы қызметінің назарына! Бүгін, 16.05.2019 күні сағат 7:15 шамасында №137 автобустың жүргізушісі Қайрат ықшамауданында екі аялдамаға тоқтамай өтіп кетті. Адамдар жұмысқа кешігуде. Видеоны басынан түсірмедім. Бірақ жолаушылар қауіпсіздігінің деңгейі осыдан-ақ көрініп тұр ғой" - деп жазды куәгер желідегі жазбасында.

Әлгі автобус бағытына жауапты "Алматыэлектротранс" компаниясы аталған фактіні қабылдап, тексеру амалдарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Фактіні қабылдадық. Қазір тексеріп жатырмыз. Бірақ видеода жүргізушінің қылығы қате екенін бірден байқауға болады. Әзірге басқа мәлімет бере алмаймыз", - деді "Алматыэлектротранс" ЖШС басшысы Ризван Цинаев.

Қазір әлгі жүргізуші рейстен аластатылды. Видео бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қорытындыға сәйкес, тиісті шара қолданылмақ.

Аударған: Әділет Мәдениет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір