16 Мамыр, 2019 NEWS
Мопед мінген бозбала мотор үстінде мәңгілік сапарға аттанды (Видео)
Қатты жылдамдықпен келе жатқан екі дөңгелекті көліктің иесі оқиға орынында тіл тартпай кетті.
Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытқа қарай жүріп келе жатқан жүк көлігі құрылыс алаңына бару үшін оң жаққа бұрыла бергенде жас жігіт тізгіндеген мопед келіп, астына кіріп кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Желі қолданушылары жас жігіттің қыршыннан қиылған тағдырына аяушылық танытып, жақындарына көңіл айтуда. Бірқатар қолданушылар жүк көліктерінің бұрылу белгісін білдіретін шамдарын көбінесе балшық жауып қалатынын айтып даурығысып жатыр.
Қатты жылдамдықпен келе жатқан екі дөңгелекті көліктің иесі оқиға орнында тіл тартпай кетті. 2000 жылы туған жас жігіттің ғұмырын жалмаған апатты жағдай туралы іс қозғалып, оны зерттеу ісімен полиция айналысып жатыр.
Ұсынған: Әділет Мәдениет
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір