• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
17 Шілде, 18:23:11
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді

16 Мамыр, 2019

Даудың соңы дуэтпен аяқталды

Үлкен даудан кейін Ержан Максим мен  Микелла Абрамова ортақ іспен айналысуда

Әнші Алсудың  YouTube арнасында Микелла Абрамова мен Ержан Максимнің дауыс жазу студиясында  махаббат туралы ән айтып тұрған видеосы шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Экспресс газета басылымына сілтеме жасап.

Сәуір айында ресейлік "Голос. Дети" бағдарламасын 56 % пайыз дауыспен Алсудың қызы - 11 жастағы Микелла Абрамова жеңіп алғаны белгілі. Ал сайыстың басты фавориті Ержан Максим 27% пайыз дауыс жинағанынан жұртшылық хабардар.

Байқаудың дауыс нәтижесінің соңы үлкен дауға әкелді. Көптеген көрермендер мен Ресейдің танымал өнер жұлдыздары  Микелла Аврамованың жеңісін әділетсіз деп есептеген.

Ержан Максимнің айтуынша, сайыс әділетті өтті. Жас әншінің екінші орын алуының өзі үлкен жеңіс. Бір апта бұрын Ержанды британдық X-Factor байқауына шақырды, сондай-ақ жақында Игорь Крутой Ержанды өз академиясына оқуға қабылдауға келісімін берді.

Қазір белгілі болғанындай, үлкен даудан кейін Ержан Максим мен  Микелла Абрамова ортақ шығармашылық іспен айналысуда. Әнші Алсудың  YouTube арнасында Микелла Абрамова мен Ержан Максим дауыс жазу студиясында бірге махаббат туралы ән айтып тұрған видеосы пайда болды. Ал видео қашан түсірілгені туралы ақпарат жоқ.

Аударған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір