• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:30:19
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2019 NEWS

"Аманат" платформасы бақылаушыларға арналған тренинг өткізу идеяларының тұсаукесерін өткізді

"Smart.Point" орталығында "Аманат" азаматтық платформасы бақылаушыларға арналған тренинг өткізу идеяларының тұсаукесерін өткізді.

Тренингтің модулі халықаралық талаптар мен тәжірибелерге сәйкес құрылып, республика аймақтарында қоғамдық бақылаушыларға дәріс бере алатын тренерлер дайындауға негізделген.

"Аманат" платформасы қызметінің басты бағыты туралы таныстырылым бақылаушы штаб төрағасы Мұрат Әбеновтың, "Аманат" платформасының Алматы қаласы бойынша штабының басшысы Қазыбек Шайх және әдістеме авторы Шыңғыс Лепсібаевтың қатысуымен өтті. Іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.

"Тренингтің мақсаты – азаматтарды сайлаудың өткізілуі кезінде ғана емес, оған дейін де мониторинг пен бақылау жүргізуді үйрету. Біз 1100 еріктілерден құрылған тізім жасадық. Оның ішінде Алматы қаласының 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени бірлестік өкілдері, қалалық ЖОО студенттері бар. Бір-бірін ауыстырып ыңғайлы жұмыс істеу үшін бақылаушылар саны сайлау учаскелеріне қарағанда көбірек болуы көзделген", – деді Қазыбек Шайх.

Осы кезеңде "Аманат" платформасы адамдарды мониторингті дұрыс жүргізуді үйретуге жұмылдырылған. "Аманат" бақылаушылары ашық сайлау учаскелерінің жабдықталғаны, учаскенің орналасу ыңғайлылығы, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігін қарайды.

"Қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарында "Аманат" платформасының филиалдары ашылған. Бұл қоғамдық платформаны құру туралы идеяның жақтаушылары өте көп. Өкінішке орай көптеген азаматтар өз құқықтары мен елдегі заңнамаларды жақсы біле бермейді. Осыған орай біз қызығушылық білдіргендерді жігерлі түрде үйретуді бастадық. Көптеген семинарлар түрлі спикерлердің қатысуымен онлайн түрде өтуде. Қазіргі уақытта республика бойынша 10 мыңнан астам тәуелсіз бақылаушы білімін жетілдіруде", – деп сөз сөйледі Мұрат Әбенов.

"Аманат" платформасының белсенділері әлеуметтік желі, баспа және электрондық БАҚ арқылы сайлауға бақылаушы ретінде қатысуға ниет білдірушілерге үндеу жасады.

Smart.Point

"Ең жеңілі amanat.kz сайтына кіріп өтініш беру. Ерікті өз қалауы бойынша сайлау алды, сондай-ақ сайлау барысындағы мониторингке қатыса алады. Әрбір қала тұрғындары дауыс беру жолдары, үміткерлердің мүмкіндіктері мен тең құқықтары жөнінде үйрету курстарына қатыса алады. "Аманат" тобы кез-келген Президенттікке үміткер ретінде тіркелген кандидатқа қала тұрғындарының тілектерін жинаумен де айналысады", – деп сөзін тәмамдады Қазыбек Шайх.

Бұдан бөлек, Мұрат Әбенов бастаған қоғамдық платформа өкілдері Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ж. Асановамен бақылаушылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселесі бойынша кездескен болатын.

Естеріңізге сала кетсек, "Аманат" қоғамдық платформасы – сайлаудың адал және ашық өтуін қалайтын қазақстандықтардан құрылған тәуелсіз ерікті ұйым. Құрамына қоғам белсенділері, эксперттер, журналисттер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір