• USD 383.43
  • EUR 429.83
  • RUB 5.96
  • CNY 55.39

17 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Сотталушы сот залында күре тамырын кесті

Қарағанды облыстық сотының ғимаратында екі жылға сотталған Балқаш қаласының тұрғыны Александр Гит апелляциялық алқа сот шешімін оқыған соң күре тамырын кесті.

16 мамырда Қарағанды облыстық сотының ғимаратында екі жылға сотталған Балқаш қаласының тұрғыны Александр Гит апелляциялық алқа сот шешімін оқыған соң сотқа қатысушылардың көзінше күре тамырын кесті. Сотталушы осылайша алғашқы инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырған сот шешіміне наразылық білдірген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Александр Гитке ауруханада медициналық көмек көрсетілген соң полиция бөлімшесіне алып кеткен. Оқиғаны өз көзімен көрген екінші сотталушы Евгений Глазков былай деді:

"Александр екеуіміз апелляциялық сот әділ шешім шығаратын шығар деп үміттенген едік. Екеуіміз де айыптау сипатындағы үкіммен келіспейміз, себебі кінәлі емеспіз. Біз жанар-жағар май ұрлаған жоқпыз. Оған дәлел бар. Ал енді нәтижесінде біз сотталып, жұмысымыздан және жеп отырған нанымыздан айрылдық. Алты миллион теңге тұратын көлігімді де кәмпескелеп алды, - дейді.

Аленксандр Гит пен Евгений Глазков осы жылдың наурыз айында "қызметтік өкілетін пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену" бабы бойынша екі жылға сотталып, мүліктері тәркіленген.

Сотталушылардың адвокаты сот үкіміне қайта шағым түсіретінін айтып, айыпталушылардың ұрлығы дәлелденбегінін айтты.

"Сот приставтары мен қорғап отырған азаматтың тағы да өз-өзіне қол жұмсамас үшін шара қолданды, әйтпесе ол тағы да мойын тамырын кеспек болған. Жедел жәрдем көлігі оны алып кетті, оған медициналық көмек көрсетті. Содан соң полиция бөлімшесіне апарды, онда одан сұрақ-жауап алынды. Материалды тіркеп, ''өз-өзіне қол жұмсауға тырысу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүретін шығар. Процессуалдық шешімнің қалай болатыны әзірге белгісіз. Бірақ ққалай болғанда да үкім және апеллциялық инстанция шешімімен келіспейміз және кассацияға шағымданамыз", - деді сотталушылар адвокаты Сергей Галко.

Қарағанды облыстық соты оқиғаға байланысты былай деп түсініктеме берген:

"Апелляциялық инстанцияның істі зерттеуіне жеткілікті уақыты болды. Алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды. Сот шешімі оқылған соң апелляциялық инстанция шешімімен келіспеген сотталушы Гит лезвиемен өзін жарақаттаған. Апелляциялық инстанция бойынша сот актісіне шағымдану тәртібі сотталушыларға түсіндірілген еді. Сотталушыға уақытында медициналық көмек көрсетілді", - деді судья Роза Нұрмаханова.

Ұсынған: Мият Кәшібай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір